ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫ ПАРСЫ ТІЛІНДЕГІ ҚОЛЖАЗБАЛАР ҚОРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v111.i4.02
        22 10

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қолжазбалар қорында сақталған парсы тіліндегі қолжазбаларға жан-жақты шолу жасалды. Парсы тіліндегі қолжазбалардың Қазақстан жеріне тарауының қысқаша тарихы мен жергілікті халықтың парсы тіліндегі қолжазба әдебиеттерге сұранысының болуы нақты мысалдармен баяндалды. Оған басты себеп парсы тілі тек поэзияның тілі емес, ғылымның әсіресе тарихи шығармалардың тілі болғандығы. Орта ғасырлардан бастап түрлі тақырыптарда жазылған парсы тіліндегі қолжазбалар Орталық Азия елдеріне кең тарауы және жергілікті медреселерге оқулық ретінде пайдаланылғандығы осы сөздерге дәлел болады. Сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасы қолжазбалар қорында сақталған парсы тіліндегі қолжазбалардың тақырыптық және  мазмұндық ерекшеліктері де осы сөздерді қуаттай түседі. Сондай-ақ парсы тіліндегі  әдеби, тарихи, философиялық, суфизм, сөздік, фиқх, түрлі хикаялар мен әңгімелер Орталық Азия мен Қазақстан тіпті Қазан қаласына дейінгі аралықтағы медреселерде кеңес одағы құрылғанға дейін оқытылғаны сөз болады. Бұған дәлел ретінде ҚР Ұлттық кітапханасы қолжазбалар қорында сақталған парсы тілінде жазылған араб тілінің грамматикасы, Хафиз бен Бидилдің өлеңдер жинағының бірнеше нұсқада сақталғандығына  жан-жақты талдау жасалды. Мақалада негізінен ҚР Ұлттық кітапханасы сирек қорында сақталған парсы тіліндегі қолжазбалардың саны емес мазмұны мен ғылыми маңыздылығына шолу жасалды. Зерттеу барасында парсы тіліндегі қолжазбалар үш топқа бөліп қарастырылды. Әр топқа жататын қолжазбалардың өзіндік ерекшеліктері мен зерттеу барысында туындайтын мәселелер де назардан тыс қалмады. Парсы тіліндегі қолжазбалардың хронологиясы мен осы қолжазбаларға тапсырыс берушілер, мөр, жазу, көшірушілер, көшірілген қаласы және көшірілген жылы мүмкін болғанша мақалада қамтылды.

Кілтті сөздер: парсы қолжазбасы, классификация, медресе, оқулық, әдебиет, тарих, мұсылманша білім алу

Авторлардың биографисы

Ғ.Ә. Қамбарбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Қамбарбекова Ғалия Әмзеевна (корреспондент автор) - филилогия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қаласы, Қазақстан, эл. пошта: kazalem@mail.ru);

 

Қ.А. Қари, Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институты, Қазақстан, Астана қ.

Қари Қуанышбек Аманкелдіұлы - парсы тілі мен әдебиетінің магистрі, Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институтының ғылыми қызметкері (Астана қаласы, Қазақстан, эл. пошта: tourantau@gmail.com

 

                                

 

 

 

 

Жүктелулер

Как цитировать

Қамбарбекова, Ғ., & Қари, . Қ. . (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫ ПАРСЫ ТІЛІНДЕГІ ҚОЛЖАЗБАЛАР ҚОРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 111(4), 13–24. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v111.i4.02

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ДЕРЕКТАНУЫ