ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРМАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СТИЛЬДІК ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v110.i3.07Аннотация
Қазіргі уақытта қытай және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдерге қатысты көптеген зерттеулер жүргізілуде. Қытай мақал-мәтелдерін зерттеу барысында ғалымдар ұғымдарды жіктеуде үш түрлі көзқарасты негізге алады: 1) мақал мен мәтелдер ортақ «жалпы айтылған сөз» ұғымын қамтиды; 2) бұл екі термин «халықтық сөйлеу» ұғымына кіреді; 3) «мақал» деп аударылған ұғым қытай тіліндегі « мәтел» сөзіне сәйкес келеді, ал «жалпы айтылған сөздер» қазақ тіліндегі «мәтелдер» ұғымымен пара-пар. Біздің зерттеуімізде үшінші көзқарасқа сүйендік. Сонымен қатар, қытай тіліндегі «歇后语» (астарлы сөз) тіркесі қазақ тіліне «аллегориялық астарлы сөз» деп аударылады. Қазақ тілінде мақал мен мәтелдер жеке-жеке анықталғанымен, кітаптарда, жинақтарда, сөздіктерде және басқа дереккөздерде мәтелдер сызықшамен бөлініп, мақалдар бірге жазылады. Сондықтан екі тілде де мақалдарды, мәтелдерді және астарлы сөздерді дұрыс ажырату өте маңызды.
Түйінді сөздер: қытай тілі, қазақ тілі, мақал-мәтелдер, аударма, көркемдік ерекшеліктер, стилистикалық әдістер.