Қазақ және түрік әдеби шығармаларындағы оқу-ағарту үндеуі мен оқыту ісі (Бейімбет Майлин және Өмер Сайфеддин шығармалары мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.010Аннотация
Мақалада XX ғасыр басындағы жалпы әлемдік өзгерістер мен ұлттық қайшылықтар жүріп жатқан кезеңде жазушылықпен айналысқан қазақ жазушысы Бейімбет Майлин мен түрік жазушысы Өмер Сайфеддин шығармаларындағы мектеп ісі мен оқу-ағарту үндеуі қарастырылатын болады. Өз ұлтының қайғы-қасіретіне бей-жай қарамаған айналасы жиырма жылдай қаламды серік еткен қос қалымгердің қазақ және түрік әңгіме жанрындағы орны мен шығармаларындағы ағартушылық үндерілері сараланады. Туған ұлтының дамуына бірден-бір әрекет етуші фактор білім екенін әуелден білген жазушылар ағартушылықты үнемі серік еткен. Қазіргі заманға қарсы емес автор қоғамға пайдалы жаңалықтардың ұлттың «ұлттық болмысымен» үйлесімділігін іздестіру арқылы белгілі бір критерий жасайды. Осы көзқараспен әрекет ете отырып, ол түрік халқына ұсынылатын, әсіресе 1908 жылдан кейін Одақ және прогресс комитеті қолдаған бірқатар білім үлгілері мен жаңа стиль тәжірибелерін ұстанады. Жақсы бақылаушы және сыншы Өмер Сейфеддин түрік ұлтының ұлттық болмысына сәйкес келетін және жаттық нәтижесінде қалыптасқан әлеуметтік мінез-құлық үлгілерін сынайды. Бұл сынмен қоса, ол білімге деген өзіндік көзқарасын да айтады. Бейімбет Майлин мен Өмер Сейфеддиннің әңгімелері мен прозалары талқыланып, осы жанрларда тікелей білім беру және мектеп, сынып, мұғалім, сияқты тәрбиенің негізгі элементтері және білім беру ортасының қалыптасуы қарастырылады.
Кез келген халықтың алдындағы ең бірінші мәселе – мектеп мәселесі, оқу-ағарту ісі мен мектепке қалыптасу қоғамдық тәрбиенің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Олар – тілде сауаттылыққа баулитын, жаңашыл идеяларды насихаттайтын оқу орындары. Жаңа әдіс мектептерінің пайда болуы Ғасырлар бойы қалыптасқан мектептер жастарға қажетті дүниелік білім мен дағдыларды бермеді. Сондықтан жаңаша білім беретін мектептер ашыла бастады. Бұл мектептердің ашылу тарихы әртүрлі кітаптарда әртүрлі сипатталған. Кез келген ұлттың өсіп-өркендеуінде тұлғалардың еңбектері айрықша рөл атқарғаны белгілі. Олардың өнегелі істерімен рухани жәдігерлерін зерттеп отыру ұлттық жаңғыруы мен дамуына қосар үлесі зор.
Түйін сөздер: Бейімбет Майлин, Өмер Сейфеддин, әдебиет, оқу-ағарту, оқыту ісі, оқыту
әдістемесі, сауатсыздық.