XХ ғасыр басындағы сауатсыздықты жою: әліппе және оқу құралдарының жазылуы тарихына шолу (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан мысалында)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v106.i3.01
        198 83

Аннотация

Мақала Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан Өзбекстан және Түркіменстан (Бұдан әрі – Елдер) даласындағы XX ғасырдың 20-40 жылдарындағы сауатсыздықты жоюға арналған алғашқы әліппе кітаптары мен оқу құралдарының жазылуы мен қалыптастыру науқаны туралы болмақ. Сонымен қатар, сауатсыздықты жоюдың жалпы мемлекеттік ісшараларындағы оқу-ағарту бағдарламалары мен ондағы көркем әдебиеттің ықпалы және оның білім беру жүйесіне енгізілу тарихына шолу жасалды. Кеңес одағы құрылған соң, оқу-ағарту ісі мен заманауи мектеп құрылысына көңіл бөліп, қоғамдық білім мен тәрбиелеудің барлық қызметі түбегейлі қайта құрылымдалудан өткені белгілі. Бұл бағыттағы таным түсінігі мен көзқарастары ұқсас, туысқан Елдердің XX ғасырдың алғашқы жартысындағы оқу-ағарту, сауатсыздықты жою және мектеп ісін ұйымдастырудағы жұмыстары сараланды. Қазан төңкерісінен кейін оқу-ағарту ісі мемлекеттік саясаттың ең маңызды салаларының біріне айналды. Қоғамның тапқа бөлінуін түбегейлі жою педагогика бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіліп, гуманитарлық саланы идеологиялық құралы ретінде шебер пайданала білген оқу бағдарламаларына пікір білдірілді. Елдердегі әдебиеттің сауаттандыру науқанындағы құрал ретіндегі орны, оның халықтық, көркемдік пән ретіндегі (оқыту, теориясы және әдістемесі) дамуы негіздері сараланды.

Оқу бағдарламаның білім мазмұнымен мұғалімдердің сабақты жүргізу барысындағы назар аудару тиіс ең негізгі мақсаттары, міндеттері және басымдықтары туралы толық түсініктер берілген. Мұғалімдерге де осы бағытта арнайы әдістемелік нұсқаулар, сабақ жоспарлары, кеңестер қажет болғандықтан, Кеңес одағында жүргізілген оқу-ағарту науқанында Елдердің зиялылары қаламынан туған оқу құралдары зерттелді. Оның ішінде осы уақытқа дейін әдіскерлік қыры зерттелмей келген қазақ жазушысы Бейімбет Майлиннің оқу-ағарту саласындағы оқу құралдары мен сауатсыздықты жою арналған әліппе кітаптары туралы мағұлаттар берілді.

Жүктелулер

Как цитировать

Turgunov, Y., & Koch, K. (2023). XХ ғасыр басындағы сауатсыздықты жою: әліппе және оқу құралдарының жазылуы тарихына шолу (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан мысалында). ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 106(3), 4–12. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v106.i3.01

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ