Қазақ және түрік мақал-мәтелдердегі ұлттық киім дискурсы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.03
        133 125

Аннотация

Ұлттық киім әр этностың қоршаған ортаға бейімделуінің басты көрінісі болумен қатар, өмір сүру салтынан, талғамынан, этика, эстетикасынан ақпарат береді. Ал мақал-мәтелдердің құрамында қолданған киім мәдениет бөлігі тұрғысында ұлттың мәдени табиғатын айқындай түсіп, халықтың менталитетін қалыптастыратын тілдік және образдық ойлау жүйесінің мәнін ашады. Мақалдардың компоненті ретінде ұлттық киім атаулары символдық мазмұнымен және соның негізінде туындаған дискурспен концептілер тұрғысында әлемнің мәдени бейнесі мен тілдік бейнелерінің тоғысу үлгісі болып табылады.

Бұл мақалада түркі тілдес халықтарға жататын қазақ және түрік этностарының мақал-мәтелдеріндегі ұлттық киім атауларының дискурсы мәдени-контекстік тұрғыда салыстырыла қарастырылады. Мақалдардың интерпретациясы негізінде олардың қолданыс аясы мен функциялары талданады. Қазақ мақал-мәтелдерінде кездесетін киім атаулары жеке қарастырыла келе, ұлттық сипатымызды анықтайтын «бөрік», «жаулық», «тон», «шапан», «кебенек», «тақия» сияқты киімдердің образдары сипатталады. Қазақ және түрік мақал-мәтелдерін салыстыру барысында екі халыққа ортақ мақал-мәтелдерде түркі заманынан бастау алған «бөрік» және «тон» киім атаулары мәдени код түрінде сақталғаны анықталды. Дегенмен түрік халқының ұлттық ерекшеліктерінен көрініс беретін «фес», «күрк», «аба», «элбисе» сияқты киімдер және олардың атаулары мәдени код болып қалыптаса бастағаны байқалады. «Бөрік», «тон» сияқты түркілік мәдени кодтарды кірме араб сөздерімен алмастыру үдерісінің орын алуы негізгі екі фактормен белгіленді: қоршаған ортаға бейімделу үдерісі және көршілес елдердің тілдік, мәдени ықпалдастығы. 

Қазақ пен түрік мақал-мәтелдеріндегі киім атауларымен байланысты дискурсты анықтау тілдік, ділдік трансформацияның бағыт-бағдарын, мазмұнын тануға мұрсат беріп, жұмыстың өзектілігін белгілейді.

Кілт сөздер: ұлттық киім атаулары, қазақ мақал-мәтелі, түрік мақалы, дискурс, интерпретация, мәдени константа

 

Авторлардың биографисы

А.К. Ахметбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Ахметбекова Ақбота Карибаевна (корреспондентный автор) -Филология
ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Таяу шығыс және
Онтүстік Азия кафедрасының доценті. (Алматы, Қазахстан, email:
aaxbota@gmail.com )

Э.Ә. Mонтанай , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Монтанай Элмира Әзімбайқызы- Докторант, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Түрксой кафедрасының оқытушысы (Алматы, Қазахстан, email:
elmiramontanayeva@gmail.com)

A. Koч, Эскишехир Османгази Университеті, Туркия, Эскишехир

Адем Коч- Профессор, Эскишехир Османгази Университеті (Эскишехир,
Түркия, email: ademkoc@ogu.edu.tr)

Жүктелулер

Как цитировать

Ахметбекова A., Mонтанай E., & Koч A. (2024). Қазақ және түрік мақал-мәтелдердегі ұлттық киім дискурсы. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 108(1), 25–36. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.03

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ