АРАБ ЖӘНЕ МӘМЛҮК-ҚЫПШАҚ СӨЗДЕРІНІҢ СӨЗЖАСАМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ («КІТАБ БҰЛҒАТ ӘЛ-МҰШТАҚ» МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.03
        91 91

Аннотация

Еуразия кеңістігінде орын алған түрлі жаугершілік қақтығыстардың салдарынан мәдени құндылықтар, оның ішінде қолжазбалар жойылып кетті. Біздің заманымызға дейін жеткен  қолжазбалардың бір бөлігі уақыт өте келе жоғалып кетсе, бір бөлігі әлемнің түкпір-түкпірінде сақталып қалды. Кеңес кезеңінде жалпы ғылым мен техника айтарлықтай дамығанымен, кеңес республикаларының тарихы, мәдениеті, діні және тілі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Көшпелілер мәдениеті жазбаша мәдени мұрадан тыс қарастырылып, орта ғасырларда дүнеге келген қолжазбалар түпнұсқа тілінде зерттелмеді, нәтижесінде Қазақстанның барлық гуманитарлық ғылымдарында қате мәліметтер мен бос кеңістік пайда болды. XIII-XV ғасырларда Мысыр мәмлүк мемлекетінде ортағасырлық ғұламалар жазған қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштердің көпшілігі әлі күнге дейін Нидерланды, Италия, Франция, Түркия елдерінің қолжазбалар қорында сақталған. Бұл ескертікштер қазіргі түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің тарихын зерттеуде, оның фонетикалық, морфологиялық және лексикалық жүйелерін қалпына келтіруде бастапқы дереккөзіне айналған лексикографиялық және грамматикалық еңбектердің кешені болып табылады. Ескерткішке жан-жақты лексикалық талдау жасау маңызды, себебі онда негізгі сөздер мен терминдер, сөз тіркестері мен термин тіркестері, стилистикалық бояулы сөздер, ауыспалы мағынада қолданылатын сөздер, фразеологизмдер, диалект сөздер, синонимдер, омонимдер мен сөйлемдерді байланыстыратын көмекші сөздерден тұратын тілдің лексикасы қалыптасады. Қолжазбадағы араб және мәмлүк-қыпшақ сөздерінің жасалуының модельдері немесе сөзжасам үлгілері арқылы тілдің әлеуетін, сөз туындыру мүмкіндіктерін, белсенділік пен өнімділік түрлерін ажыратамыз.

Түйін сөздер: араб, мәмлүк-қыпшақ, сөзжасам, иштиқақ, ортағасырлық қолжазба

 

Жүктелулер

Как цитировать

Mustafayeva А. (2023). АРАБ ЖӘНЕ МӘМЛҮК-ҚЫПШАҚ СӨЗДЕРІНІҢ СӨЗЖАСАМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ («КІТАБ БҰЛҒАТ ӘЛ-МҰШТАҚ» МЫСАЛЫНДА). ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 104(1), 20–27. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.03

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ