«Қисса-и Дженкнаме-и Рисале-и Шах-и Мердан» қолжазбасындағы антропонимдердің анализі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v101.i2.05
        101 97

Аннотация

Жер-су атаулары, адам аттары – бір елдің мәдениетінің, салт-дәстүрінің, наным-сенімдері,
дүниетанымының айнасы. Олардың ішінде антропонимдер тіл тарихын, ұлт мәдениетін
зерттеуде құнды және бағалы мұра болып табылады. Оның әдеби шығармалардағы жалқы
есімдер мен ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердің аттарын зерттейтін сала – әдеби антропонимдер.
Олар ономастиканың маңызды зерттеуді қажет ететін негізгі саласы. Әсіресе бүгінгі күнге
жеткен ортағасырлық түркі жазба жәдігерлері мен мәтіндерде тарихи, әрі әдеби маңызы бар
кейіпкерлер кездеседі. Мақала ХХ ғасыр басында жазылған Хазіреті Әли туралы батырлық
жырында кездесетін антропонимдердің қызметі қарастырылып, мәтіндегі жалқы есімдерге
талдау жасауды көздейді.
Зерттеудің нысаны постклассикалық шағатай тілінде жазылған «Қисса-и Дженкнаме-и
Рисале-и Шах-и Мердан» атты діни қолжазба. Осы мәтіннің антропонимдік кеңістігін зерттей
отырып, біз антропонимдерді тарихи және мифологиялық кейіпкерлер деп екіге бөліп
қарастыруға тырысамыз.
Жұмысымызда қолжазбаның антропонимдік кеңістігінде жалқы есімдерді анықтап
қарастырамыз. Олардың ішінде Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.), отбасы мен сахабалары
қарастырылса, үнді (Фируз шах), парсы (Жәмшид шах) және қытай (Салсал шах) аңыздарында
кездесетін мифологиялық кейіпкерлерге де талдау жасалынды.
Түйін сөздер: жалқы есімдер, антропоним, діни эпос, хазірет Әли, шағатай тілі.

Жүктелулер

Как цитировать

Kairanbayeva, N., Shadkam, Z., & Demir, N. (2022). «Қисса-и Дженкнаме-и Рисале-и Шах-и Мердан» қолжазбасындағы антропонимдердің анализі. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 101(2), 52–62. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v101.i2.05

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ДЕРЕКТАНУЫ