«КИТАБ БУЛҒАТ ӘЛ-МУШТАҚ» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ АРАБ ЖӘНЕ ТҮРКІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАБАТ
Аннотация
Мысыр мен Шамда билік орнатып, жергілікті халықтың арасында тілін және ділін де «апару»
арқылы түркі тілдерінің сақталуы мен жайылуына үлес қосқан мәмлүк қыпшақтары тұсында
жазылған лингвистикалық еңбектердің ішінде XIV ғасырлық «Китаб Булғат әл-Муштақ» екі
тілді сөздігінің орны ерекше. Біріншіден, табылған алты еңбектің бірі; екіншіден, етістіктер
тарауы қазақстандық түркітану ғылымында зерттелгенімен, есім сөздерді қамтитын І және ІІ
күрделі тараулары қарастырылмаған; үшіншіден, қолжазбаның тек түпнұсқасы Францияда
сақталған. Татарстан, Түркия, Өзбекстанмен салыстырғанда Франция мұражайы мен мұрағат
қорынан түпнұсқаны алу пандемия жағдайында зерттеу міндеттерін одан әрі қиындатуы
мүмкін; төртіншіден, сөздіктің өзіндік ерекшеліктері: зигзаг түрінде жазылу формасы, басқа бес
еңбекте кездеспейтін лексикалық бірліктердің болуы және т.с.с. Бұл зерттеу аясында сөздіктің
көлемділігін ескере отырып, әрбір тарауынан араб және түркі лексикалық қабатын түзейтін
біраз сөз іріктеліп алынып, олардың қазақ тіліндегі аудармасы да берілді. Қолжазба көшірмесі
негізінде алынған материал аталмыш еңбектің лексикалық қорына қол жеткізіп, оның лексикалық
бірліктерін анықтап, ашып, тізімін жасау мен қазақ тіліне аударуға мүмкіндік тудырды. Сондай-ақ
сөздіктің араб және мәмлүк-қыпшақ (түркі, қыпшақ неемсе ескі қыпшақ) тілдерінен қазақ тіліне
аударылуы арқылы қазіргі түркі тілдеріндегі, әсіресе қазақ тіліндегі қалыптасқан лексикалық
қабатындағы ескі қыпшақ тілінің лексикалық үлесін анықтауға болады.
Түйін сөздер: түркі, қыпшақ, мәмлүк, әл-Муштақ, лексика, араб, жазба ескерткіш