Араб мәтіндерін қазақ тіліне аударудағы «алып тастау» тәсілін қолдану аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.02Аннотация
Аударматану ғылымында түпнұсқа мәтінді тәржімеде барынша сәйкестендіру нәтижесіне жету үшін төрт трансформациялық түрі негізделген. Солардың ішінде «алып тастау» тәсілі аудармашының жоғары біліктілігін қажетсінеді.
Аударма интерпретациялық, шығармашылық үдеріс болғандықтан, оның сапасын және аудармашы біліктілігін өлшеу межелерін нақты көрсету мүмкін емес. Сонымен қатар «алып тастау» тәсілінің қолданыс аспектілері әр тілдің өз ерекшеліктерімен айқындалады. Осыған орай, араб мәтінін қазақ тіліне тәржімелеуде «алып тастау» тәсілінің екі аспектісіне тоқталамыз: грамматикалық және лексикалық. Мақалада араб және қазақ грамматикалық сәйкессіздіктер қарастырыла келе, оларға қатысты «алып тастау» тәсілінің қолданысы талданады. Бұл талдау барысында бір тілдегі категорияның екінші тілде кездеспейтінін басшылыққа алып, «алып тастау» тәсілін автоматты түрде еш қолдануға болмайтынын және кейде тілдердегі грамматикалық категориялардың сәйкес келетініне қарамастан, контекст пен дискурсқа байланысты бұл тәсілдің қолданылатын жағдайлары анықталады. Лексикалық бірліктерге қатысты «алып тастау» тәсілін қолдану аудармашының тәжірибесіне және аударма тілінің узусын сақтау мүддесіне тікелей байланысты. Түпнұсқа мәтіннің (ТМ) ақпарат мәнін бұрмаламай, барынша сәйкестендіре жеткізуде және қабылдаушы жақтың тілдік нормасына нұқсан келтірмеуде ғана аудармашының біліктілігі айқындалады. Сондықтан бұл жұмыста ұсынылатын талдаулар аударма ісіндегі мамандарға тәжірибе мен біліктілікті арттыруға септігін тигізері сөзсіз.
Түйін сөздер: аударма, трансформация, «алып тастау» тәсілі, сәйкессіздік, узус, тілдік норма, араб тілі, грамматикалық категория.