Араб саяси дискурсындағы метафораны аудару ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.11Аннотация
Саяси мәтіннің дискурстық мәнін белгілеуде метафора ауқымды орын алады. Метафораның герменевтикалық мағынасы саяси материалдарда шектелгенімен, оның дискурсын анықтау аудармашының тәжірибесіне тікелей байланысты. Саяси дискурс пен аудармашы қатынасы интерпретациямен белгіленеді, ал интерпретация аудармашының шығармашылық қабілетінен туындайды. Интерпретация әрқашан субъективтілікке жол береді, әсіресе саяси дискурстың идеологиямен байланыстылығы аудармашының бейтарап қалуына мүмкіндік бере бермейді. Алайда аударма үнемі мәдениетаралық деңгейде орындалатындықтан, оның туынды мәтінге барынша жақындатуға талаптану аудармашының кәсіби біліктілігін және оның жауапкершілігін танытады. Қазақ тіліндегі аудармалар көбіне екінші туынды үдерістің нәтижесі екені қазақ тілді аудармашы мамандарының тапшылығынан көрініс берген жәйт. Әлі күнге дейін ғалымдар «саяси дискурс-аудармашы-идеология» қатынасындағы шешімін таппаған мәселелердің көптігіне мән берсе, қазақ аудиториясы үшін қызмет ететін аудармашылар алдында тұрған аударма мәселелері екі есе деп айтар едік. Осы мәселелерден туындайтын саяси дискурстағы метафораларды аудару қиындықтарын шешу қазақ аударматану ғылымы үшін өзекті тақырып екені сөзсіз. Мақалада саяси дискурстағы метафораның функциялары айқындала келе, араб билік өкілдерінің, саясаткерлерінің сөйлеген сөздерінде, жолдамаларында қолданылған метафораларды қазақ тіліне аудару ерекшеліктері қарастырылады. Метафораның ұлттық табиғатының ерекшелігін сақтау барысында сөзбе-сөз аудару не қазақ тіліндегі баламасын табу, саяси ахуалға байланысты дұрыс интерпретациялау, айтар ойды дәл жеткізу сияқты мәселелерге байланысты аудармашы алдында тұратын қиындықтарға талдау беріледі. Түйін сөздер: саяси дискурс, интерпретация, метафора, аударма тәсілдері.