Жазба жәдігер және рухани мұра ретінде «Сығнақи шежіресі" және оның аудармасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jos.v90i3.1434Аннотация
Қыр-сырлары нақты ашылмай білінбей жатқан материалдық және материалдық емес мәдени мұраларымыздың күн жарығына шығарылуы; дұрыс, нақты білініп танылуында қолжазба жәдігерлер, тарихи мәтіндер және сирек кітаптарды зерттеу өте маңызды. Көптеген қолжазба жәдігерлер, тарихи мәтіндер және сирек кітаптар әр түрлі себептерден зерттеушілердің, мамандардың қолына тимей, жетпей қалғанын немесе табылмай отырғанын білеміз. Осындай қолжазба жәдігерлердің бірі – «Сығнақи Шежіресі». Орта Азияда қазіргі Қазақстан Республикасының Оңтүстік аймағында жазылған бұл шежіреге бір қарағанда кісілердің, тарихи, діни тұлғалардың есімдері, жер-су атауларын көреміз. Шежірені зерттеуде ондағы діни, тарихи тұлғалар мен мекенжайлар арасында қандай байланыстар бар екенін, ол байланыстардың дұрыстығын дәлелдеу – басты міндет болу керек. Әрине мәдени мұра зерттеулерінде тарихи деректердің аз немесе жоқтың қасында болуы шежіредегі мәліметтерді салыстыруда және растауда қиындық туғызуы мүмкін. Алайда, біз бұл жерде айтылып отырған зерттеулердің барлығын көрсете алмаймыз. Біздің басты мақсатымыз шежіренің қай тілде, қашан, қай жерде және кім жазғанын біліп, мәтін ішінде кездесетін парсы, араб және түркі сөздерін нақтылап көрсету; мәтінде тарихи, діни тұлғалардың есімдерін, шен, лақап атақтарын, бар болса жер-су атауларын да тауып көрсету. Қол жеткізген осы мақсатымыздың нәтижесі тарихшы, тілші, этнограф және дінтанушы ғалымдар мен зерттеушілерге зерттеу нысаны болады деген үміттеміз. Түйін сөздер: Сығнақи шежіресі, қолжазба деректер, рухани мұра.