Актуальность исследования Центрально-Азиатской литературы в аспекте постколониализма

Авторы

  • A. Akhmetova Институт Литературы и искусства им. М.О. Ауэзова, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0003-0990-1182
  • O. Hanayi Евразийский научно-исследовательский институт Международного турецко-казахского университета имени Ходжи Ахмеда Ясави, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0001-7714-4174
  • A. Junisbayev Евразийский научно-исследовательский институт Международного турецко-казахского университета имени Ходжи Ахмеда Ясави, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0001-5473-7348

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v103.i4.06
        134 150

Аннотация

Мақалада посткеңестік кеңістіктегі Орталық Азия аймағының әдебиетін постколониализм аспектінде зерттеудің өзектілігі мен маңызы және бұл аймақтағы әдеби коммуникацияның, мәдени диалогтың бір түрі – көркем аударма жұмыстарының жүзеге асырылу жағдайы қарастырылған. Автор КСРО-дан тәуелсіздік алғаннан кейін аталған аймақта әртүрлі салааралық қарым-қатынас түрлері дамығанымен, соңғы отыз жылда қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен және тәжік әдебиеті кешенді, пәнаралық салалар ыңғайында қарастырылмағандығына назар аудартады. Ресей империясы, кейіннен Кеңес одағының Орталық Азия мемлекеттеріне жүргізген отаршылдық саясатын айқындаған дереккөздер негізінде аталған аймақтың тәуелсіздік кезеңіндегі көркем әдебиетінде халықтың постотарлық сана-сезімі мен психологиясы, тілі мен мәдениетіндегі трансформацияның әдебиеттегі көрініс табу жолдары талданған. Сонымен қатар, мақалада Орталық Азия аймағының тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиетін тұтас қамтитын кешенді, іргелі зерттеулер жүргізілген жағдайда оның Қазақстанның әдебиеттану саласының әдіснамасын жетілдіруге, ғылыми орта мен оқырмандарға посткеңестік кеңістіктегі қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен және тәжік әдебиеті туралы жеткілікті ақпарат беруге, әдебиеттерді жан-жақты таныстыру және отандық білім беру ісін дамытуға қосатын үлесі сарапталған.

Бірнеше дереккөздер негізінде Орталық Азия әдебиетінің бүгінгі даму үдерісіне, басты бағыт-бағдарлары, өтпелі кезеңде – тәуелсіздік кезеңнің алғашқы жылдарында қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық, мәдени-антропологиялық факторлар мен тенденциялар қалыптастырған авторлық эстетикалық-дүниетанымдық ерекшеліктер мен поэтикалық ізденістер айқындалған. Зерттеу барысында соңғы отыз жылдағы қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен және тәжік әдебиетіндегі ұқсас әдеби құбылыстар, тақырыптар, үрдістер және ақындар мен жазушылардың басынан өткен шығармашылық тоқырау кезеңдерінің болғандығы байқалған. Сонымен қатар, Орталық Азияның қазіргі әдебиетін зерттеген ғылыми жұмыстардың мақалада көтерілген мәселеге қатысты тұстары талданған.  

Загрузки

Как цитировать

Akhmetova, A., Hanayi, O., & Junisbayev, A. (2022). Актуальность исследования Центрально-Азиатской литературы в аспекте постколониализма. Вестник КазНУ. Серия Востоковедения, 103(4), 58–68. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v103.i4.06

Выпуск

Раздел

ИСТОРИЯ И КУЛЬТУРА СТРАН ВОСТОКА