КЕМАЛИСТІК ДИСКУРС ЖӘНЕ ТҮРІК САЯСАТЫНДАҒЫ ПАРАДИГМАНЫҢ ӨЗГЕРУІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202611614
        32 23

Аннотация

Бұл зерттеуде кемалистік дискурстың концептуалдық, интеллектуалдық, идеологиялық және тарихи негіздері, сондай-ақ түрік қоғамын вестернизациялау, модернизациялау және секуляризациялау теориялық алғышарттары қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты – түрік саясатындағы кемалистік дискурсты талдау және кемализмнен баламалы саяси дискурстарға өту үдерісін анықтау. Зерттеу міндеттері кемализмнің күшті жақтарын айқындау және Түркияның ішкі және сыртқы саясатындағы терең өзгерістер жағдайында оның әлсіз тұстары мен шектеулерін анықтауды қамтиды.

Зерттеудің өзектілігі кемалистік дискурстың үстемдігінің әлсіреуімен және әсіресе Әділет және даму партиясының билікке келуінен кейін баламалы идеологиялардың күшеюімен байланысты. Әдіснама ғылыми әдебиеттер мен тарихи дереккөздерді сыни талдауға, тарихи талдау және сыни дискурс-талдау әдістеріне негізделеді. Осы әдістер арқылы кемалистік дискурстың республиканың құрылуынан бері зайырлы саяси тәртіпті қалыптастырудағы және түрік қоғамының дамуын бағыттаудағы рөлі зерттеледі.

Зерттеу нәтижелері кемализмнің мемлекет пен ұлт құрудағы гегемониялық идеология болғанын және Түркияны шығыстық саяси құрылымнан заманауи, вестернизацияланған және зайырлы мемлекетке айналдырғанын көрсетеді. Ұлт қалыптастыру барысында кемалистік элита исламды, османдық мұраны және кейбір этно-діни азшылықтарды шеттете отырып, батыстық және зайырлы ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға басымдық берді. Сонымен қатар кемализмнің ішкі қайшылықтары анықталып, олар консервативтік және исламшыл қозғалыстардың өсуіне жаңа ұлттық парадигманы іздеуге ықпал етті. Бұл зерттеу қазіргі түрік саясатының үрдістерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: кемализм, Түркия, ұлтшылдық, зайырлылық, вестернизация, ислам, неоосманизм.

Автордың биографиясы

Ғ.Б. Жұматай, Нархоз Университеті, Алматы, Қазақстан

Жұматай Ғабит Бекенұлы (автор-корреспондент) – Нархоз Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты (Алматы, Қазақстан, e-mail: gabit.zhumatay@narxoz.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Жұматай G. (2026). КЕМАЛИСТІК ДИСКУРС ЖӘНЕ ТҮРІК САЯСАТЫНДАҒЫ ПАРАДИГМАНЫҢ ӨЗГЕРУІ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 116(1), 42–51. https://doi.org/10.26577/JOS202611614

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ