ПАРАҚТАН СИНХРОНДЫ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҚЫТАЙ-ОРЫС ТІЛДІК ЖҮЙЕСІ МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202611612
        22 21

Аннотация

Мақалада қытай-орыс тілдік жұбы негізінде жазбаша мәтінді синхронды түрде аудару ерекшеліктеріне арналған. Бұл – жазбаша мәтін қабылданған сәтте оның мағынасы ауызша түрде бір мезетте аударылатын ауызша аударма түрінің бірі. Зерттеу қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық іс-шаралар мен көптілді коммуникацияның артуымен, сондай-ақ жазбаша мәтін негізінде нақты әрі жедел аударма қажеттілігімен өзекті.

Зерттеудің мақсаты – жазбаша мәтінмен синхронды аударманың когнитивтік ерекшеліктерін, аудармашылар тап болатын типтік қиындықтарды анықтап, оларды жеңудің тиімді әдістемелік жолдарын ұсыну. Зерттеу барысында теориялық талдау, салыстырмалы тәсіл, кәсіби тәжірибені бақылау және эмпирикалық мәліметтерді жинақтау әдістері қолданылды. Анализ нәтижелері жазбаша мәтіннің бар болуы аударма үдерісін жеңілдетпейтінін, керісінше, аудармашыдан жоғары зейін, ақпаратты лезде қабылдау мен өңдеу, мәтінді тез интерпретациялау және стильдік семантикалық бейімделу қабілеттерін талап ететінін көрсетеді. Қытай және орыс тілдерінің құрылымдық және лексикалық айырмашылықтары бұл үдерісті одан әрі күрделендіреді. Мақалада мұндай аударма түріне мамандарды дайындауға арналған тәжірибелік
ұсыныстар берілген. Атап айтқанда, болжау қабілетін, қысқамерзімді жадты, мәтінді сегменттеуді және сөйлеу қарқынын бақылау дағдыларын дамыту жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижелері кәсіби аудармашыларға, ауызша аударма оқытушыларына және көптілді аудиториямен жұмыс істейтін іс-шара ұйымдастырушыларына пайдалы болуы мүмкін.

Түйін сөздер: парақтан синхронды аудару, ауызша-визуалды аударма, аудармашылық құзырет, когнитивтік дағдылар, аудармадағы қиындықтар, тіларалық коммуникация, аударма стратегиялары.

Авторлардың биографиясы

А.С. Шарыпова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Шарыпова Анара Сергеевна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: annshare@mail.ru).

Н.Б. Сапарбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Сапарбаева Нуржан Балтажановна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ph.D (Алматы, Қазақстан, e-mail: nurzhana@mail.ru).

Г.К. Кортабаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Қортабаева Гулжамал Кыдырбаевна – филология ғылымдарының кандидаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы, Қазақстан, e-mail: turki_аlemi_@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Шарыпова, А., Сапарбаева, Н., & Кортабаева, Г. . (2026). ПАРАҚТАН СИНХРОНДЫ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҚЫТАЙ-ОРЫС ТІЛДІК ЖҮЙЕСІ МЫСАЛЫНДА). ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 116(1), 14–28. https://doi.org/10.26577/JOS202611612

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ