XIII–XV ҒАСЫРЛАРДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ТАЯУ ШЫҒЫСТА ЖАЗЫЛҒАН «ӘЛ-ХИДАЯ» ЕҢБЕГІНЕ АРНАЛҒАН ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮСІНДІРМЕЛЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS202511546Аннотация
Бұл мақала Бурһануддин әл-Марғинани (х. 593 ж. қайт.) жазған әл-Хидая кітабына арналған түсіндірмелерге (шурух) жасалған салыстырмалы талдауға арналған. Зерттеудің басты мақсаты – XIII–XV ғасырларда Орталық Азия мен Таяу Шығыста жазылған түсіндірмелердің әдістемелік айырмашылықтарын анықтау және олардың ханафилік құқықтық дәстүрдің дамуына қосқан үлесін көрсету. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – тілдік стиль, қолданылған әдістер мен дереккөздерге жасалған кешенді талдауда, сондай-ақ даулы құқықтық мәселелерді түсіндіру барысында Орталық Азия мен Таяу Шығыс ғалымдарының өзара ықпалдастығын ашуда. Мақалада түсіндірме авторларына әсер еткен негізгі дереккөздер айқындалып, әл-Хидая еңбегіне қатысты риуаят тізбектеріне (иснадтарға) хронологиялық талдау жасалған. Сондай-ақ өзге мазһаб ғалымдарының дәлелдеріне деген көзқарастардағы ерекшеліктер және Орталық Азия фақиһтарының Таяу Шығыстағы ханафилік мектептің дамуына қосқан шешуші рөлі қарастырылады. Зерттеудің әдістемелік негізі салыстырмалы және мәтіндік талдау әдістеріне сүйенеді, бұл ғалымдардың көзқарастарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ашуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері Орталық Азия мен Таяу Шығыстың зияткерлік байланысын көрсетіп, ханафилік құқықтық дәстүрдің байлығы мен алуан түрлілігін айқындайды. Мақала тарихшыларға, шығыстанушыларға, исламтанушыларға және Орталық Азиядағы ислам өркениетінің тарихына қызығушылық танытқан кең аудиторияға арналған.
Түйін сөздер: әл-Хидая, фиқһ, ханафи мазһабы, түсіндірмелер, әдіснама, Орталық Азия, Таяу Шығыс, әс-Сығнақи, әл-Курлани.
