ЗООНИМ – ПАРЕМИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОМПОНЕНТІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202511542
        30 15

Аннотация

Объективті шынайылық, сондай-ақ мақал-мәтелді бір халықтың мәдениеті, тарихы мен дәстүрі ана тілінде сөйлейтіндердің санасында мақал-мәтелді сипат пен қасиет эталоны бола алатын көптеген құбылыстарды және заттарды ұсынады, бірақ көбінесе жануарлар әлемінің бейнелері салыстыру стандарты ретінде пайдаланады. Зоонимдер көп жағдайда мақал-мәтел құрамында қолданылады. Мақал-мәтелде зоонимдер семантика орталығы, олардың негізгі мағынасы – метафорикалық. Зерттеушілер қазіргі таңда құрамында зоонимдер бар паремияларды бір тілде немесе бірнеше тілде салыстыра және салғастыра зерттеуде, фразеологизмдерді, мақал, мәтелді араластырып зерттеуде. Біздің зерттеу обьектіміз – паремия, яғни мақал-мәтелдер. Жан-жануарлар адам баласымен табиғатта қатарласа өмір сүріп келе жатыр. Сондықтан жануарларға адамдар аса мән береді, қимыл-әрекеттеріне, тіршілік ету жағдайларына көңіл бөледі. Жануарлар жабайы, үй жануарлары болып бөлінеді. Олардың өз ерекшеліктері бар, соған орай ат қойылған, жануарлардың ішкі және сыртқы дүниесіне қарай ұғымды жеткізуге тырысқан. Жануарларға байланысты мақал-мәтелдер, метафоралық, теңеулік, эпитеттік тіркестер жиі қолданылғандықтан, тілдік қордағы жануарлар атауларының қолданымдық аясын үлкейтіп, арнайы зерттеу нысанына айналуына мүмкіндік туғызды.

Қазақ ұлты – табиғатпен етене байланысып дамыған халық. Мал шаруашылығымен айналысып, көшіп-қонып тіршілік жасағаннан кейін, әрине, қоршаған табиғаттың қыр-сырын толық меңгерген. Сол себепті, жануарлар атаулары халық ауыз әдебиетінде, наным-сенімде, ырым-тыйымдарда, салт-дәстүрде жиі тілге тиек болып келеді. Қазақ халқы төрт түлік малды ерекше құрмет тұтады. Жылқы, сиыр, қой, ешкі малдары, олардың төлдеріне қатысты этнолингвистикалық, лексика-семантикалық, лингвомәдени сипаттар мен мазмұндар тереңінен зерттелген. Сонымен қатар, аң-құсқа қатысты тұрақты тіркестер мен теңеулер өз дәрежесінде зерттелуде. Әртүрлі халықтардың мақал-мәтелдерінің құрамына кіретін зоонимдер ұлттық-этникалық және стильдік коннотацияға ие. Тіршілік етіп жатқан дүние туралы қазақ және қытай түсініктерінің ерекшеліктері зоолексемалардың жасалу жолында, жұрнақтар (қазақ тілі) және жұрнақтардың, префикстердің (қытай тілі) көмегімен эмоциялар мен бағалауларды білдіре білуінде де бекітілген.

Түйін сөздер: паремия, мақал-мәтел, мәдени коннотация, жануар, зооним, лексика, семантика.

Авторлардың биографиясы

М. Тұрбек, Сүлеймен Демирел университеті, Aлмaты, Қaзaқстaн

Тұрбек Мұрат – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің докторанты, SDU университеті оқытушысы (Алматы, Қазақстан, е-mail: turbekmurat@gmail.com)

А.К. Aнипинa, Сүлеймен Демирел университеті, Aлмaты, Қaзaқстaн

Анипина Алия Каркеновна – PhD, SDU университеті әлеуметтік ғылымдар кафедрасы Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінің асситент профессоры (Алматы, Қазақстан, е-mail: aliya.anipina@sdu.edu.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Тұрбек, М., & Aнипинa А. (2025). ЗООНИМ – ПАРЕМИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОМПОНЕНТІ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 115(4), 12–20. https://doi.org/10.26577/JOS202511542

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ