ӘЛ-ФАРАБИДІҢ БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫ: «ІЗГІЛІК», «БАҚЫТ» ЖӘНЕ «АЗАМАТТЫҚ ЭТИКА» ҰҒЫМЫНА ТІЛДІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202511432
        262 90

Аннотация

 Ислам философиясының негізін қалаушы ойшылдардың бірі – Әбу Насыр әл-Фараби өзінің білім беру жүйесін исламдық ілімдерге сүйене отырып, Аристотельдің ой-пікірлернің ықпалымен қалыптастырған. Ол адамды «Жаратушының жаратқаны» деп танып, оның түпкі мұраты өзін жаратқан «Жаратушыға қайта оралу» деп түсіндіреді. Әл-Фарабидің пікірінше, ізгілік – адамның бойында туа біткен, болмысынан берілген қасиет емес, адам баласы оны тәрбие мен саналы әрекет арқылы меңгереді. Адам баласының «кемелділік» қабілеті оған туа біте тән болмайтындықтан, оған арнайы тәрбиелену арқылы жетуі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, білім беру – жеке тұлғаның кемелденуі мен моральдық тұрғыдан жетілуінің басты құралы болып табылады.

Әбу Насыр әл-Фараби адам бақытына жетудің жолы – алдымен бақыттың мәнін айқындау, оған ұмтылу ниеті мен сол ниетті жүзеге асыруға деген ерік күші екенін атап көрсетеді. Ол ізгілікті қалыптастырудың екі негізгі әдісін айқындайды: біріншісі адамның зияткерлік әрі теориялық ізгі қасиеттерін дамытуға бағытталған «тә'диб – تأديب» (тәрбие; тәрбие беру, тәрбиелеу), ал екіншісі адамның этикалық және тәжірибелік ізгі қасиеттерін жетілдіретін «таьлим – تعليم» (оқыту; білім беру, үйрету) .

Әл-Фарабидің пайымдауынша, бұл үдерістер қоғамдық бақылауға негізделген және моральдық тұрғыдан сауатты қоғамда жүзеге асырылуы қажет. Оның кейбір философиялық ұстанымдары идеалистік немесе ұмтылыстық сипатта болып көрінгенімен, әл-Фарабидің тұжырымдамасында білім берудің түрлендіруші күші мен ізгі жеке (кемел) тұлғаны қалыптастырудағы қоғамның маңызды рөліне баса назар аудартады.

Бұл мақалада әл-Фарабидің ізгі қасиеттерді жіктеу қағидаларын, оның азаматтық өмірге беретін маңыздылығын және адамның адамгершілік (моральдық) тұрғыда даму, кемелдену қабілетіне деген сенімі ғылыми негізде қарастырылады. Зерттеу барысында араб тіліндегі түпнұсқа дереккөздер мәтіндік талдау арқылы сараланып, грек және ислам философиялық дәстүрлерімен салыстырмалы талдау жасауға талпыныс жасалады. Осының нәтижесінде, қазіргі заманғы этика, білім беру және адам баласының әлеуеті (мүмкіндіктері) туралы пікірталастарда Әбу Насыр әл-Фарабидің айтқан тұжырымды ой-пікірлері күні бүгінге дейін өзінің өзектілігін сақтап отырғандығы айғақталады.

Түйін сөздер: Әл-Фараби, бақыт, ізгілік, білім және тәрбие, ислам философиясы, азаматтық этика.

Авторлардың биографиясы

Ы. Палтөре, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті (Қазақстан, Алматы қ.), e-mail: yktiyar@inbox.ru

Х. Хошбатени, Табриз университеті, Иран, Табриз қ.

Хоссейн Хошбатени – PhD, Табриз университеті, (Иран, Тебриз қ.), е-mail: Hosseinkhoshbaten@yahoo.com

Қ. Қасымбаев, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Қасымбаев Қуаныш Жанаталапұлы – PhD докторант, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті (Қазақстан, Алматы қ.), e-mail: Kuanishnm@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Палтөре Y. ., Хошбатени H. ., & Қасымбаев K. (2025). ӘЛ-ФАРАБИДІҢ БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫ: «ІЗГІЛІК», «БАҚЫТ» ЖӘНЕ «АЗАМАТТЫҚ ЭТИКА» ҰҒЫМЫНА ТІЛДІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 114(3), 15–28. https://doi.org/10.26577/JOS202511432

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ДЕРЕКТАНУЫ