ҮНДІСТАНДАҒЫ БИЛИНГВИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202511218
        24 8

Аннотация

Тілдік контактологияның қалыптасуына жағдай жасайтын aдaмның екі тілді қатар қолдaнылуы кезінде пайда болатын билингвизм / қос тілділік болып тaбылaды. Бұл мақалада Үндістандағы билингвизм құбылысы, оның қалыптасуының тарихи-мәдени факторлары, билингвизмнің түрлері, қоғамдағы орны, әлеуметтік аспектісі қарастырылады. Отандық үндітану саласында хинди-ағылшын қос тілділік мәселесі алғаш рет қарастырылып, зерттеліп отыр. Ғылыми мақаланың мақсаты – тілдік қарым-қатынастар нәтижесінде пайда болған билингвизмді, оның түрлері мен хинди-ағылшын билингвизмінің ерекшелігін түсіндіріп, үндістандық билингвтер арасында сауалнама жүргізіп, оның нәтижесінің қорытындысын талдау. Бұл мақала Үндістанда қос тілде сөйлеушілер арасындағы қолданысын әлеуметтік аспектіде зерттеуге арналған. Автор зерттеу жұмысында ғылыми теориялық еңбектерді сұрыптау, жалпылау, жалқылау әдістерін, түйіндеу, анкета жүргізу және алынған нәтижелерді сапалық талдау әдістерін, SWOT-талдау әдістерін пайдаланды.

Үндістандағы билингвтер арасындағы хинди және ағылшын тілдерінің қолдану аясы анықталып, жүйеленді. Зерттеудің нәтижелері тілдік қарым-қатынастар және қос тілді адамдардың лингвопсихологиялық және әлеуметтік ахуалын зерттеуде, Қазақстандағы қос тілділік мәселесін зерттеуде, салыстырмалы талдау жасауда өз дәрежесінде ықпал ете алады. Зерттеудің әдіснамалық негізін және нәтижелерін қостілділік құбылысын зерттеуде басшылыққа алуға болады.

Түйін сөздер: Үндістан, қостілділік / билингвизм, ағылшын тілі, хинди тілі, тілдік қарым-қатынастар.

 

Автордың биографиясы

Б.С. Бокулева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Бокулева Бота Сериккановна – PhD, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доцент м.а., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы, Қазақстан, aknazar0909@mail.ru)

 

Жүктелулер

Как цитировать

Бокулева, Б. . (2025). ҮНДІСТАНДАҒЫ БИЛИНГВИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІСІ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 112(1), 65–73. https://doi.org/10.26577/JOS202511218

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ