ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУМАҒЫНДА ЖЕТІКЕНТТІҢ ОРНЫН ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS202511217Аннотация
Мақалада тарихи еңбектер мен құжаттарда жиі айтылатын және Орта Азия мен Қазақстан халықтарының орта ғасырлар мен жаңа заманның тарихындағы бірқатар маңызды оқиғалармен байланысты Жетікенттің тарихи аймағын анықтау мәселелері қарастырылған. Ұмыт болған топонимді Орталық Азияның белгілі бір аймағымен кеңістіктік және хронологиялық тұрғыдан байланыстыру мақсатында тарихи деректердегі Жетікент туралы барлық белгілі мәліметтерді анықтау және талдау. Ортағасырлық жазба деректер, XVIІІ–ХІХ ғасырлардағы орыс карталары мен жаңа заман құжаттары, Ш.Ш. Уәлиханов, Шәді-төре, Майлықожа, Қазанғап Байболұлы, ХІХ–ХХ ғ. басындағы орыс зерттеушілері өлке тұрғындарының тарихи жадынан жазып алған деректер. Алғаш рет саяхатшы М. Поспеловтың 1800 ж. картасынан алынған «Жеті Кент» деген жазу және басқа ақпарлар.. Орталық Азиядағы дереккөздерді талдау негізінде «жеті қала немесе ауыл» орналасқан және деректерде Жетікент деген атпен белгілі болған екі аймақты ғылыми тұрғыдан анықталды. Бірінші Жетікент Шығыс Ферғанада орналасса, екіншісі Оңтүстік Қазақстан аумағында Арыс-Бадам өзендері ортасында орналасқан. Оңтүстік Қазақстан Жетікентіне: Шымкент, Сайрам, Манкент, Қарабұлақ, Қарамұрт, Сұлтанрабат, Жанғақтық кірді. VIІ ғасырдағы қытай авторы айтқан «жүз қаласы» иелігі, сондай-ақ XVIІ ғасырдағы Иран шежіресіндегі «мыңдаған қалалар мен ауылдар» аймағы XVIІІ – ХХ ғасырдың басындағы орыс және қазақ деректерінде Жетікентке қалай сәйкес келетіні туралы болжам жасалды.
Түйін сөздер: Тарихи география, Орталық Азия, Жетікент, Сайрам, Шымкент, 1800 ж. М. Поспелов картасы.