ДЖУМПА ЛАХИРИДІҢ «СЫРҚАТТАР СЫРЫ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ БУЫН МИГРАНТТАРЫНЫҢ МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v111.i4.09
        25 10

Аннотация

Үнді диаспора авторларының арасындағы тақырып аясының бірегейлігі мен қайталанбас жазу стилі арқылы ерекшеленетін талантты жазушылардың бірден бірегейі – Америкада қоныстанған екінші буындағы бенгалдық мигранттар өкілі Джумпа Лахири болып табылады. Өзі мен өз әулетінің өмір тәжірбиесіне сүйене отыра Лахири өз шығармаларында да өз атамекенінен ажырап, жаңа елге жарқын өмір іздеп келген үнділік мигранттардың тағдырын баяндайды. Жазушының 1988 жылы жарық көріп, әдебиет әлеміндегі ең бағалы марапаттарының бірі Пулитцеров сыйлығын иеленген «Сырқаттар сыры» («Interpreter of Maladies») жинағы да осы Америкаға қоныс аударған бенгалдық мигранттардың бірегейлік мәселелерінің төңірегінде өріледі. Мақалада осы жинақтың ішіндегі екінші буын мигранттарының бірегейлік мәселелері сөз болатын әңгімелер мен олардың сол мәселелерін шешу жолдары қарастырылады. Бірінші буынға қарағанда өздері үшін таныс, әрі туған болып табылатын Америкада дүниеге келген олардың үнділік дәстүр-салттар мен құндылықтар аясында тәрбиеленіп, бірақ батыстық қоғамның ережелерімен өмір сүруі – оларды өз бірегейліктерінің төркінінен адасуға әкеледі. Өз кезегінде мақала осы екінші буын мигранттарының бұл мәселелесін постколониалды зерттеулерге сүйене отыра талдауға талпынады.

Аталмыш мақаланың негізгі мақсаты – Лахиридің өзіндік тәжірибесіне сүйене отыра баяндалған және дәл осы екінші буын мигранттарына ғана тән гибридті бірегейліктері мен амбивалентті тиесіліліктерінің табиғатын ұғыну болып табылады. Мақала диаспора әдебиетіндегі мигранттардың бірегейлік тақырыбына жаңа қырдан, буындар арасындағы айырмашылық тұрғысынан қарауға және тек екінші буын өкілдеріне тән бірегейліктің қырынан қарауға шақырады. Мақаланы жазу барысында әдебиеттанудың зерттеу әдістері, атап айтқанда, биографиялық әдіс, мәдени-тарихи, тарихи-генетикалық әдістер мен кейіпкерлердің бірегейліктерін тереңірек түсіну үшін психоаналитикалық әдіс қолданылды.

Түйін сөздер: Джумпа Лахири, үнді диаспора әдебиеті, гибридті бірегейлік, тиесілілік, екінші буын мигранттары.

Авторлардың биографисы

Д.М. Кокеева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кокеева Дариға Молдагалиевна – әл-Фараби атындағыы Қазақ Ұлттық Университеті, филология ғылымдарының кандидаты, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: dariga.kokeeva@kaznu.edu.kz)

З.Е. Искакова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Искакова Зауре Ереновна – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: zaure.iskakova@kaznu.kz)

Т.Б. Урумова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Урумова Тоғжан Бақытқызы (автор-корреспондент) – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының магистрі (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: tokanaiurumova@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Кокеева, Д. ., Искакова, З. ., & Урумова, Т. (2024). ДЖУМПА ЛАХИРИДІҢ «СЫРҚАТТАР СЫРЫ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ БУЫН МИГРАНТТАРЫНЫҢ МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 111(4), 92–102. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v111.i4.09

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ