ҚЫТАЙДЫҢ АГРАРЛЫҚ РЕФОРМА САЯСАТЫНА ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v111.i4.07
        23 16

Аннотация

 Қытай – ежелден үлкен агарарлық мемлекет. Қытай елінде қашан да аграрлық экономика саясатына басымдылық беріледі. Өйткені қытайдың қоғамдық дамуы ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.  Мақалада ҚХР құрылғаннан қазірге дейінгі  ауыл шаруашылық саласында жүргізілген саясатына терең зерттеу жүргізіліп, тарихи тұрғыдан баға беріледі. Қытайда 1950 жылдардан кейін іске асырған аграрлық реформасы, жоспары экономика концепциясы негізінде құрған үш дәрежелі өндіріс құрылымын Сяудуй (кіші өндіріс отряды), Дадуй (үлкен өндіріс отряды) және Жэньминь Гуңше (Халық коммунасы) қалыптастырды. Алайда қоғамдық практика бұл жүйенің қате екендігін ащы мысалдармен дәлелдеді. Мақаланың  мақсаты  –  Қытай елінің ауыл шаруашылық саласында жүргізген реформасы мен ұстанып отырған саясатын талдап зерттеу.

Бұл зерттеу - Қытайдың аграрлық саладағы  эволюциялық дамуын бағалауға мүмкіндік беретін теориялық аспектіде құнды болып қана қоймай, Қытайдың дәстүрлі ауыл шаруашылығы секторын өзгерту тәжірибесінің практикалық да маңызы зор. Мақаламыздың ғылыми құндылығы - отандық зерттеушілер тарапынан бұрын треңдеп зерттелмегенімен маңызды.

Мақалада көтерілген тақырыпты зерттеуде гуманитарлық ғылымдардың классикалық және заманауи әдістері пайдаланылды. Саясаттану ғылымының әдіснамасын қолданып, әрбір тарихи кезеңдерде қабылданған саясаттың ерекшелігін сипаттадық; зерттеу барысында конструктизм амалдарын қолдандық. Сондай-ақ, қазіргі заманда көп қолданылатын  ғылыми зерттеу әдістеріндегі талдау, синтездеу, индукция және дедукция тәсілдерін пайдалану арқылы мақаламыздың ғылыми  мазмұнын терең ашуға тырыстық.

Қытай аграрлық өнімдерін шет елдерден соның ішінде Америка құрлығындағы елдерден импорттап келген еді. Бірақ кейінгі уақыттардағы әлемдік геосаясаттың өзгеруі, АҚШ-пен Қытай арасындағы сауда соғысының күшейуі, Қытай елін еріксіз түрде өзге мемлекеттерден астық өнімдерін импорттауға итермелейді. Осындай жағдайдан алып қарағанда, Қытай елі көршісі  Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға мүдделілік танытары хақ. Бұдан Қазақ елі мен Қытай мемлекеті арасында аграрлық сала бойынша ынтымақтастық пен сауда барыс-келістері одан әрі жанданып, дами түсетіні болжауға болады.

Түйін сөздер: Қытай ауыл шаруашылық саясаты, аграрлық реформа үдерісі, аграрлық өндіріс жүйесінің трансформациясы, экспорт - импорт, сын-қатерлер.

Авторлардың биографисы

Н. Шарыпқазы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Шарыпқазы Нұртәліп (корреспондент автор) – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, эл.поштасы: nuriknaiman16@gmail.com)

А. М. Нуржаева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Нуржаева Алина Маратовна – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD (Алматы қ., Қазақстан, эл.поштасы:nurzhayeva@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Шарыпқазы, Н. ., & Нуржаева , А. М. . (2024). ҚЫТАЙДЫҢ АГРАРЛЫҚ РЕФОРМА САЯСАТЫНА ТАЛДАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 111(4), 71–82. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v111.i4.07

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ