ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТРАКТАТТАРДАҒЫ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР: ЕМДІК ҚАСИЕТІ, ҚОЛДАНЫЛУЫ, СИПАТТАМАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v111.i4.03
        23 13

Аннотация

Дәстүрлі медицина жергілікті халықтарда қолданылатын емдік және гигиеналық шаралар кешені ретінде түсініледі. Бұл білім адамдардың санғасырлық тәжірибелері негізде қалыптасып, кейінгі ұрпаққа ауызша және жазба мұраларда жетті. Әр кезеңнің өзіне тән емшілік өнері болды және ол сол кезеңнің шығармашыл емшілердің жазба мұраларда хатталып отырғаны анық. Бүгінге жеткен сол медициналық трактаттар жеке тәжірибесі, өзге шығармалардан алған білімі негізінде жазылғандықтан,  дәстүрлі және қазіргі заманғы ғылыми медицинадағы ұғымдар мен терминдердегі елеулі айырмашылықтарына байланысты ол мұралардағы мәліметтерді кейде түсіну, талдау қиындық тудырады. Оларды терең талдау – дәрігерлердің, ботаниктердің, этнографтардың, лингвисттердің және фармация саласындағы мамандарының бірлескен күш-жігерін қажет ететін күрделі ғылыми мәселе.

Мақалада түркі халық емшілігінде көне замандардан бері әртүрлі ауруларды емдеуде пайдаланылып келе жатқан дәрілік өсімдіктерінің тізімі беріледі және сол өсімдіктердің жазба мұраларда сипатталған негізгі қасиеттері көрсетіледі. Мақаладағы зерттеуіміздің негізгі деректері ретінде түркі халықтарының емшілік дәстүрінің ерекшеліктерін баяндаған «Дастӯр ал-‘илāж» (XVI ғ. басы) және анонимді «Асрāр ал-атиббā’» ортағасырлық медициналық трактаттары алынды.

Кілттік сөздер: ортағасырлық трактат, «Дастӯр ал-‘илāж», «Асрāр ал-атиббā’», емдік шөптер.

Авторлардың биографисы

Н.Н. Кайранбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кайранбаева Назым Нургельдиевна (жауапты автор) – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының доцент м.а. (Алматы, Қазақстан, e-mail: n.n@gmail.com)

З. Шадкам, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Шадкам Зубайда – ф.ғ.к., профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры (Алматы, Қазақстан, e-mail: z@kaznu.kz)

Ө.О. Тұяқбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Тұяқбаев Өмір Оразұлы – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, e-mail: omirabuali@gmail.com )

Жүктелулер

Как цитировать

Кайранбаева N. ., Шадкам Z. ., & Тұяқбаев O. . (2024). ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТРАКТАТТАРДАҒЫ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР: ЕМДІК ҚАСИЕТІ, ҚОЛДАНЫЛУЫ, СИПАТТАМАСЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 111(4), 25–32. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v111.i4.03

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ДЕРЕКТАНУЫ