МАНГАНЫҢ ЖАПОН-ОРЫС АУДАРМАСЫНЫҢ ПАРАЛЛЕЛЬ КОРПУСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v110.i3.06
        68 41

Аннотация

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресейге шетел мәдениетінің әсер етуі қарқын ала бастады. Ағынның бір бөлігі ретінде жапондық манга бұрынғы Кеңес Одағына, соның ішінде Ресейге кірді. Бұл жұмыстың мақсаты – бұрынғы Кеңес Одағының тұрғындарына таныс жапондық «Hadashi no Gen» (ауд. «Жалаң аяқ Гэн») атты манга мәтінінің параллель корпусын және оның орысша аудармасын ұсыну. Автор «Жапон әдебиеті, манга және аниме шығармалары орыс тіліне қалай аударылады?» деген сұрақпен Жапон әдебиеті мен манга шығармаларының орыс тіліне аудармасын сипаттамалық аударматану тұрғысынан зерттеген. Осы зерттеудің бір бөлігі ретінде автор «Hadashi no Gen»-нің параллель корпусын құрды. Корпустарды пайдалану аударма нормалары мен заңдылықтарын объективті түрде түсіндіру үшін маңызды. Бұл жұмыс жапондық манга аудармасының және корпус негізіндегі аударманың қазіргі жағдайымен таныстырады, содан кейін «Hadashi no Gen»-нің параллель корпусын ұсынады. Автор үш мәтінді көрсетеді: жапондық түпнұсқа мәтін, орыс тіліндегі ескі және жаңа аударма мәтіндері. Соңында корпустың негізінде кэйс стади ұсынылды. Қазіргі зерттеуші «Hadashi no Gen»-нің басты кейіпкері «Гэн» есімінің жапондық түпнұсқа мәтінінде, орыс тіліндегі ескі және жаңа аударма мәтінінде қанша рет кездесетінін және қандай аударма стратегиялары қолданылғанын көрсетті. Кэйс стади нәтижелері орыс тіліндегі ескі аудармада «Гэн» атауы беттердің қысқартылуына байланысты алынып тасталса,орыс тіліндегі жаңа аудармасында жапон мәтінінде қаратпа сөз ретінде кездескен «Гэн» атауы алынып тасталғаны анықталды. Алдыңғы аударма жағдайында «Гэн» атауы редакциялық себептермен жойылған болуы мүмкін, бірақ соңғы жағдайда «Гэн» атауы мәтінді орыс тілінде анық көрсету үшін жойылған болуы мүмкін. Бұл жаңа басылым орыстар үшін оқуға ыңғайлы мәтін беру мақсатында аударылған болатын.

Түйін сөздер: Параллель корпус, манга, «Hadashi no Gen», жапонша мәтін , орысша мәтін

Автордың биографиясы

Т. Ниномия, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Ниномия Тaкаши (жауапты автор) – PhD. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қиыр Шығыс кафедрасының шақырлған профессоры және доценті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: s0430062.ninomiya@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Ниномия T. . (2024). МАНГАНЫҢ ЖАПОН-ОРЫС АУДАРМАСЫНЫҢ ПАРАЛЛЕЛЬ КОРПУСЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 110(3), 58–68. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v110.i3.06

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ