МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫТАЙДАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v110.i3.03
        82 77

Аннотация

Қытайдың қарқынды экономикалық дамуымен және урбанизация үдерісімен сипатталатын модернизация үрдісі отбасы мен некенің дамуына үлкен өзгерістер әкелді. Отбасы және неке институтының қазіргі жағдайы жаһандық сипаттағы сын-қатерлердің қатарына жатқызылады. Отбасы іргелі әлеуметтік институттың бірі болып табылатындықтан және оның өзгеру үдерісі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететіндіктен отбасы және неке мәселелерін зерттеудің өзектілігі жоғары. Мақаланың мақсаты әртүрлі дереккөздерді пайдалана отырып Қытайдағы неке және отбасы институтының модернизациясы мен соның салдарынан пайда болған проблемалары арасындағы байланысты экономикалық, әлеуметтік және мәдени контекст шеңберінде талдау болып табылады. Мақалада отбасын микро және макродеңгейде зерттеу әдістемесін қолдану негізінде урбанизацияның отбасы құрылымына тигізген әсерінен бастап әйел рөлінің эволюциясына дейінгі қазіргі Қытайдағы отбасы мен неке бейнесін қалыптастыратын қиындықтар мен мүмкіндіктер жан-жақты қарастырылады. Теориялық және әдіснамалық тұрғыда отбасы дағдарысы талданып, Қытайдағы неке-отбасы қатынастарының даму келешегі сараланады. Сондай-ақ, мақалада отбасын құрудағы үкіметтің рөлі мен әлеуметтік қолдау көрсетудегі отбасының негізгі қызметі де сөз болады. Зерттеу нәтижесінде модернизация мен демографиялық үдерістердің қарқынды дамуы Қытайда дәстүрлі қоғамның белгілері  мен жаңа үрдістер қатар өмір сүретін «өтпелі» отбасын қалыптастырғандығын байқауымызға болады.

Кілт сөздер: Қытай, конфуцийшілдік, неке және отбасы,  модернизация.

 

Авторлардың биографисы

Н.Ә. Алдабек , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы (корреспондент авторы) – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қытайтану кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: aldabek.nurzhamal@gmail.com);

А.А. Түргенбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Түргенбай Айнұр Абдулғаниқызы – PhD докторанты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қытайтану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: turgenbayaa@mail.ru)

М.Б. Асыл , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Асыл Мөлдір Бақытжанқызы – PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қытайтану кафедрасының оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: monikaassyl@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Алдабек , Н. ., Түргенбай, . А. ., & Асыл , М. . (2024). МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫТАЙДАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 110(3), 25–35. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v110.i3.03

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ