ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ: ҚАЗАҚСТАН КОРЕЙЛЕРІНІҢ ҮШІНШІ БУЫНЫНЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v110.i3.02Аннотация
Қазақстанның этникалық корейлерін зерттеушілер оларды елдегі ассимиляцияға ең бейім этнос ретінде атап өтеді. Осыған байланысты, бұл жұмыстың авторлары этникалық корейлердің үшінші буыны ұстанатын стратегиялар мен өмірлік құндылықтар туралы және болашақта корей этносынан қандай бейімделу мінез-құлық перспективалары күтілуі керек деген мәселені алға тартады. Бұл жұмыста авторлар Қазақстандағы корей диаспорасының үшінші буынын интеграциялаудың негізгі трендтерін қарастырады. Мақалада посткеңестік тәуелсіз қазақстандық қоғамдағы бейімделудің (интеграцияның) үш әдісін ұсынылады: білім және кәсібилік; этникалық көшбасшылық; Оңтүстік Кореямен трансұлттық байланыстар. Авторлар Қазақстан корейлерінің қала халқын мысалға ала отырып, этникалық корейлердің үшінші және ішінара төртінші буынының өкілдерімен сұхбаттар жүргізу, публицистикалық мақалалардың материалдарын контент-талдау арқылы қазақстандық қоғамға интеграциялауға рөлдік модельдердің әсері туралы гипотезаларды сыннан өткізіп, талдайды. "Этникалық анклав" теориясы географиялық тұрғыдан анықталған шекаралардан тыс жоғары әлеуметтік және экономикалық белсенділігі бар этникалық шоғырлану тәжірибесінде дәлелденеді. Өрлеуші ассимиляция теориясы Қазақстанның этникалық корейлерінің үшінші және төртінші ұрпақтарының өмір тарихы негізінде дәлелденеді. Тұтастай алғанда, бұл мақала посткеңестік Қазақстан мен көші-қон процестері контекстінде этникалық бейімделуді, интеграцияны және ассимиляцияны академиялық түсінуге үлес қосады.
Түйінді сөздер: этникалық корейлер, Қазақстан, ассимиляция, интеграция, бейімделу