ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК: ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v109.i2.08
        73 121

Аннотация

Мақалада Орталық Азиядағы түркі халықтарының дүниетанымы туралы түсінік беру мақсатында кеңестік кезеңде жарық көрген көне түркі жазба ескерткіштерінің мәліметтері пайдаланылды. «Күл-Тегиннің құрметіне ескерткіш», «Тонюкуктың құрметіне ескерткіш» тасқа жазылған ескерткіштер және қағазда сақталған «Ырқ-бітіг» қатарлы дереккөздер зерттеу негізгі болды. Мақала авторы тас стелалардың зерттелінгеніне қарамастан, бұл дереккөздердің кейбір қырлары әлі де аз зерттелгенін атап өтті. Түркі халықтарының әлемнің үш деңгейлі көлденең және төртбұрышты тік моделі туралы түсінігі қарастырылады. Мұндай түсінік Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдің түркі халықтары үшін ортақ екендігі айтылып өтті. Ежелгі түркі құдайлар пантеоны өкілдерінің қолдау және жазалау функциясы бұл мәселемен тікелей байланыста көрсетілген. Күл-Тегиннің, Тонюкуктың құрметіне орнатылған ескерткіштерді сол кезеңдегі эпиграфия деректерімен салыстыру арқылы Умай құдайының қызметі туралы қосымша мәліметтер анықталды. Махмұд Қашқаридің «Диван лұғат ат-түрік»да сақталған мәліметтер негізінде Умай функциясының өзгерістері белгіленді. Ғаламды құрылуы туралы мифтің архаикалық сипаты анықталды. Қорытындыда ежелгі және ерте орта ғасырлардағы түркі халықтарының рухани құндылықтарын зерттеу үшін ежелгі түркі жазба ескерткіштерінің маңыздылығы атап өтілді.

Түйін сөздер: ежелгі түркі жазба ескерткіштері, әлем туралы түсінік, әлем моделі, қаған, Орталық Азия.

Автордың биографиясы

Г.М. Молотова, Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институты, Қазақстан, Алматы қ.

Молотова Гульбахрем Максимовна (корреспондентный автор) – кандидат
филологических наук, доцент, главный научный сотрудник, Институт
востоковедения им. Р.Б. Сулейменова КН МНВО РК (г. Алматы Казахстан,
эл.почта: gmolotova@mail.ru );

Жүктелулер

Как цитировать

Молотова, Г. . (2024). ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК: ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 109(2), 79–87. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v109.i2.08

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ