ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЗООНИМДІК МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕРДІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v109.i2.05Аннотация
Мақал-мәтелдер белгілі мағыналарды жинақтайтын тілдік бірліктер негізінде бастапқыда нақты мәдени ұғымдарды талдауда көмекші материал ретінде қолданылды. Қазіргі уақытта, мақал-мәтелдер –– қоршаған ортада адамдардың этномәдени көзқарасын, қоғамдағы қалыптасып жатқан дәстүрлі стереотиптер мен идеяларды сипаттайтын тілдік бірлік ретінде қарастырылады. Вербалды бірліктер мәдени кодтарды, менталды-дүниетанымдық көзқарастарды, стереотиптік көріністерді, халықтың моральдық-этикалық құндылықтарын және т.б. сипаттауда қолданылады, себебі мақал-мәтел ұлттың жалғасып келе жатқан өмірін жалғастырушы ретінде, сонымен қатар ұлт пен менталитетке, сана-сезімге, өзіндік болмысына қажетті рухани құндылықтарды сақтап келе жатыр, келесі ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізетін қасиетті ұлағатты сөздер.
Берілген мақала екі түрлі тілдер семьясына жататын қазақ және қытай тілдерінің зоонимдік мақал-мәтелдері салғастырылып қарастырылады. Екі тілдегі зоонимдік тақырыптағы мақал-мәтелдерді зерттеу арқылы қазақ және қытай ұлтының ұлттың мәдени ерекшеліктері, тілдік ерекшеліктерін анықтаймыз.
Тілдерді салғастырып зерттеу барысында олардың бір-бірімен ұқсас немесе бір-бірінен ерекшеленетін дәрежесінің заңдылығын айқындауға, тілдің ұлттық қасиетін терең түсінуге болады. Екі тілдің материалдары негізінде осы мәселені зерттеудің маңыздылығы – қытай тілін шетелдік студенттерге үйрету барысында өте пайдалы, себебі лингвистикалық және мәдени ақпарат арқылы шетел студенттері коммуникативті құзыреттілікке ие болады, сабақ барысында мақал-мәтелдерді қолдану кезінде олардың семантикасы мен сипатын ажыратады.
Түйін сөздep: мaқaл, мәтeл, фoльклop, жaнp, қытай тілі, қазақ тілі.