БЕЛГІСІЗДІК ЖАҒДАЙЫНДА КАШМИРДЕГІ БЕЙРЕСМИ ИНСТИТУТТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ

Авторлар

  • А.М. Муратбекова Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0001-5908-6564
  • К.Т. Габдуллин Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-3096-6351

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v109.i2.03
        110 102

Аннотация

Кашмир ғасырлар бойы әртүрлі ұлттар, тілдер және діни қауымдастықтар үшін мәдени тоғысқан жер деп саналады. Кашмирдің географиялық орналасуы әртүрлі мәдени, діни және тілдік сипаттамалары бар бай этникалық мозаикамен бірге ресми және бейресми институттар бір-бірімен тығыз байланысты бірегей ландшафттың дамуына әкелді. Қазіргі уақытта этникалық және мәдени әртүрлілік палитрасына қоса аймақтағы саяси тұрақсыздық пен жанжал әлеуеті қосылып, аймақтағы милитаризацияның күшеюіне әкеліп соқтырды. Бұл зерттеуде кашмирліктердің тарихи және этникалық-мәдени даму ерекшеліктерін қарастыра отырып, бейресми институттардың пайда болуы мен қалыптасуының себептері мен механизмдері, сондай-ақ олардың қазіргі қоғамдық-саяси жағдайларда тұрақтылық сипаты талданады. Бұған қол жеткізу үшін мақала алдымен Кашмирдің тарихи алғышарттарын, этникалық және мәдени контекстін қарастырады. Сосын аймақтың шиеленіс әлеуетінің себептері мен оның әлеуметтік байланыстарды дамытуға салдарын ашады. Содан кейін, бейресми институттар мысалында, мақалада жергілікті халықтың формальды құрылымдардағы күрделі процедураларды айналып өтіп, әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бейресми тәжірибе механизмдерін қалай қолданатыны талданады. Қорытындысында мақала Кашмирдің кеңірек дамуы контекстінде зерттелген бейресми механизмдердің рөлін қарастырады.

Түйін сөздер: Кашмир, бейресми институттар, мәдени әртүрлілік, бейресми желілер

 

Авторлардың биографисы

А.М. Муратбекова, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ.

Муратбекова Альбина (автор корреспондент) – PhD, старший научный сотрудник
Евразийского научно-исследовательского института Международного казахско-
турецкого университета имени Ходжи Ахмета Яссави, (г. Алматы, Казахстан, эл.
почта: albina.muratbek@gmail.com; a.muratbekova@ayu.edu.kz)

К.Т. Габдуллин , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Габдуллин Кенжебек Тулепбергенович - PhD, и.о. заведующего кафедрой
Тюрксой Казахского Национального Университета имени аль-Фараби (г. Алматы,
Казахстан, эл. почта: gabdullin5682@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Муратбекова, А., & Габдуллин , . К. . (2024). БЕЛГІСІЗДІК ЖАҒДАЙЫНДА КАШМИРДЕГІ БЕЙРЕСМИ ИНСТИТУТТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 109(2), 26–37. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v109.i2.03

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ