VII – XIX ғасырлардағы Қазақстан мен Шығыс Түркістанның саяси байланыстары тарихынан

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.08
        75 82

Аннотация

Мақалада XVII – XIX ғасырлардағы Орталық Азияның екі іргелес субаймағы – Қазақстан мен Шығыс Түркістанның өзара байланысы қарастырылған. Зерттеудің мақсаты Қазақстан мен Шығыс Түркістан арасындағы саяси байланыстары және оның тарихи ретроспекциядағы өзгерістерінің сипатын анықтау болып табылады. Зерттеу қытай және түркі дереккөздерін, мұрағат материалдарын, сондай-ақ арнайы әдебиеттер деректерін салыстырмалы-салғастырмалы талдау процесінде қалыптасқан ғылыми тұжырымдарға негізделген. Компаративистика әдісі тарихи оқиғаларды Орталық Азиядағы ірі державалар – Цин және Ресей империяларының геосаяси мүдделері тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік берді. Жергілікті аз зерттелген дереккөздерді барынша көп пайдалану негізінде Қазақстан мен Шығыс Түркістан тарихын зерделеу қағидаты маңызды әдіснамалық тәсіл болды.

Қарастырылатын материалдарды талдау қабылданған хронологиялық шеңберде Қазақстан мен Шығыс Түркістанның өзара байланыстары тарихын және оның саяси конъюнктураға байланысты өзгерістерін көрсетуге мүмкіндік берді. XVII-XIX ғасырлар зерттелетін субаймақтар үшін олардың болашақ тағдырында шешуші рөл атқарған оқиғаларға толы. XVII ғасырдағы екі егемен мемлекеттің халықаралық және жалпы одақтастық қатынастарынан олар болашақта Ресей империясының қазақ жүздеріне протекторатының орнауына және Цин империясының Шығыс Түркістанны жаулап алуына байланысты өзгеріп, таза этносаралық сипатқа ие бола бастады. Осы кезден бастап сыртқы саяси мәселелер метрополиялардың қарауында болды. Шығу тегінің ортақтығы, туыстық тілдер, біртұтас дін, мәдени дәстүрлердің ұқсастығы және қалыптасқан жағдайдың драмалық сипаты субаймақтарды мекендеген этностар арасындағы одан әрі тығыз байланысты тудырды. Ол қалыптасқан экономикалық және мәдени байланыстарда, сауда алмасуларында ғана емес, ең алдымен халықтық-азаттық күрес кезеңінде оянған жалпы саяси мүдделерде де көрінді.

Түйін сөздер: Қазақстан, Шығыс Түркістан, Цин империясы, Ресей империясы, тарих, саяси
байланыс, этносаралық қатынастар.

Авторлардың биографисы

Р.У. Каримова, Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институты, Қазақстан, Алматы

Каримова Рисалат-Биби Усмановна (автор-корреспондент) - доктор
исторических наук, доцент, профессор Институт востоковедения им. Р.Б. Сулейменова
Министерства науки и высшег ообразования РК, (г. Алматы, Республика Казахстан) е-
mail: risalat.karimova@mail.ru

Х.В. Масимова, Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институты, Қазақстан, Алматы

Масимова Халминям Валет кизи - кандидат филологических наук Института
востоковедения им. Р.Б. Сулейменова Министерства науки и высшег ообразования РК (г.
Алматы, Республика Казахстан), е-mail: khalminam@mail.ru

З.К. Каримова, Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институты, Қазақстан, Алматы

Каримова Зульфиям Каримовна - кандидат исторических наук,
ассоц.профессор Института востоковедения им. Р.Б. Сулейменова Министерства науки и
высшего образования РК (г. Алматы, Республика Казахстан)е-mail:
vostok_karimova@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Каримова, Р. ., Масимова, Х. ., & Каримова, З. . (2024). VII – XIX ғасырлардағы Қазақстан мен Шығыс Түркістанның саяси байланыстары тарихынан. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 108(1), 84–96. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.08

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ