Классикалық осман тіліне дейінгі түрік әдеби тілінің даму, қалыптасу кезеңдері және тілдік ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.01Кілттік сөздер:
Көне Анадолы түрікшесі, осман тілі, оғыз-түркімен тілдері, түрік тілі, әдеби тіл.Аннотация
Мақалада қазіргі түрік тілінің дамуы мен қалыптасуында маңызды рөл атқарған жазба ескерткіштердің жазылу кезеңдері, тілдік материалдары, тілдік ерекшеліктері туралы мәлімет беріледі. Х ғасырға дейін бір ғана әдеби тіл қолданып, дамып келген түркі тілдерінің Х ғасырдан кейін тармақталып кетуіне себеп болған саяси, әлеуметтік, мәдени факторларға, соның ішінде оғыз-түркімен халықтарының әдеби тілдерін қалыптастыру жолындағы күрестеріне байланысты ерекше тоқталады. Ф.К.Тимурташ, А. Жафероғлу, А.Б. Эржиласун, З. Коркмаз, Г. Гүлсевин, А. Акар секілді ғалымдардың Анадолыда қалыптасқан көне түркі жазба тіліне байланысты зерттеу еңбектері мен ғылыми тұжырымдарына, дәуірлеу мәселесіне талдау жасайды, дәуірлері туралы баяндау барысында әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, салыстырмалы түрде саралайды. Ұлы Селжүк мемлекеті (1037-1157 жж.), Рум Селжүк Сұлтандығы (1077-1038 жж.) тұсындағы, Осман империясы құрылғанға дейінгі (1453 ж.) және құрылғаннан кейінгі Анадолыда қалыптасқан әдеби нормалардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарға байланысты ғылыми негізде анализ жасалады. Оғыз-түркімен тілінің спецификалық ерекшеліктерін көрсететін тілдік элементтердің көне түркі мәтіндеріндегі қолданыстары, Махмұт Қашқаридің атап көрсеткен мысалдары, қазіргі түрік тілінің жазба тілінің ерекшеліктері, түркі тілдерінің ішіндегі орны туралы кеңінен сөз болады.