Орталық Азия мемлекеттері үшін Чабахар портының көліктік логистикалық әлеуеті мен қолданудың перспективалары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v106.i3.04
        144 130

Аннотация

Әлемдегі теңізге тікелей шыға алмайтын дамушы елдердің үштен біріне жуығы Еуропа мен Орталық Азияда орналасқаны баршаға мәлім. Бұл елдердегі көптеген адамдар өмір сүру үшін тек ауыл шаруашылығымен айналысады, бірақ теңізге шығудың жоқтығы ауыл шаруашылығы мен сауда-саттықтың дамуына қосалқы ауыртпалық түсіреді. Дүниежүзілік банктің зерттеу нәтижесіне сүйенсек, осы дамушы елдерден әкелінетін жүктерді тасымалдау құны олардың жағалаудағы көршілеріне тасымалдау құнынан екі есе жоғары екенін атап өтеді. Тарифтер, шекаралық бақылау бекеттері және дамымаған инфрақұрылым көліктердің кешігуіне және сауда шығындарының одан әрі өсуіне әкеледі. 

Зерттеудің мақсаты – Орталық Азия мемлекеттерінің транзиттік мүмкіндіктерінің бірі болып табылатын Иранның Чабахар портының әлеуетін, көлік және дәліз жолдарының даму перспективалары мен тенденцияларын зерттеу болып табылады.  Орталық Азия елдері Еуразия жүрегінде орналасқан шикізат өнімдері, табиғи ресурстарға бай территориялық аумақта орналасқанымен, тікелей теңізге шыға алмайтын оқшауланған (land-locked area) аймақта орналасқан. Оқшауланған аймақтан (land-locked area) байланыс орнатылған, яғни land-linked аймағына айналу үшін Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстанның да күн тәртібіндегі стратегиялық маңызға ие басты мақсат Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік перифирияларында орналасқан территориялық жағдайын ұтымды пайдаланып, экономикалық тұрғыда қарқынды даму болып табылады. Жаһандану заманында өзін сыртқы, әсіресе әлемнен оқшаулап, санкция құрсауында қалған Иран қазіргі таңда «Теңіз күшін» неғұрлым ұтымды пайдаланып, геосаяси тұрғыда белсенді акторға айналып отыр. Саяси сахнадағы соңғы өзгерістер, әсіресе Ресей мен Украина соғысы бұл көлік және дәліздік жобалардың дамуына серпін беретін қозғаушы факторға айналып отырғаны да хақ.

Зерттеудің әдіснамасы ретінде  –  екінші деңгейлі деректерді талдау (secondary data analysis) әдісін қолдана отырып, соның ішінде, келісім шарттар мен декларацияларды, басқа да ресми құжаттар мен деректерді зерттеу әдісі (documentary method analysis)  пайдаланылады. Сонымен қатар тақырыптың өзектілігіне сәйкес, билік өкілдерінің сұхбаттары мен жаңалықтар сайтының мәліметтерін саралау барысында, контент анализ әдісі қолданылды. Зерттеу  жұмысының дереккөздік  базасы  халықаралық  қатынастар саласындағы  ағылшын, орыс  тілді  академиялық  қауымдастықтардағы жүргізілген  зерттеулерге  негізделеді. 

Қаржыландыру: Мақаладағы зерттеу АР19679313 «Баламалы көлік дәліздерін қалыптастыру жағдайында Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігі» атты жоба аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылды.

Түйін сөздер: Орталық Азия мемлекеттері, Иран, көлік дәліздері, Чабахар порты, Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізі

 

Жүктелулер

Как цитировать

Zhekenov, D., & Jakubayeva, S. (2023). Орталық Азия мемлекеттері үшін Чабахар портының көліктік логистикалық әлеуеті мен қолданудың перспективалары. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 106(3), 30–41. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v106.i3.04

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ