ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ПАРСЫ ТІЛІНДЕГІ МҰРАСЫ – «АСРĀР АЛ-АТИББĀ’»
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.010Аннотация
Белгілі ақын, жиһангер, философ Насир Хусроу (1004-1088) алғаш Дешті Қыпшақ деп атаған Түркілер жері – далалық және қалалық мәдениеттің бесігі болды. Дешті Қыпшақ даласынан өткен Жібек жолы түрлі жұрттың озық өнерін, кәсібін, ғылымын, мәдениетін өзара алмасуға, үйренуге үлкен ықпал еткені белгілі. Түркі даласын кесіп өткен «Жібек жолы» түрлі жұрттың озық өнерін, кәсібін, ғылымын, мәдениетін өзара алмасуға, үйренуге үлкен ықпалын тигізді. Соның ішінде сауда жолы бойындағы қалаларда емшілік өнерінің, дәрі-дәрмек жасау кәсібінің арнасы кеңейіп, бірнеше халықтың тәжірбиелерімен дами түсті. Жазба дерек беттеріндегі шығыстық медицина мәліметтері, ортағасырлық медициналық, энциклопедиялық көп трактаттар осының айғағы.
Ортағасырларда үнемі даму үстінде болған емшілік дәстүр өз кезеңіндегі шығармаларда хатталатындықтан, біз әр көне шығарма зерттеуге лайық деп білеміз. Түркі тіліндегі шығармалардың басым көпшілігі парсы немесе арап тілінен аударылғаны тарихтан мәлім. Ал, мақалада түркі тілінен парсы тіліне аударылған «Асрāр ал-атиббā’ның» («Емшілер сыры») және басқа да ортағасырлық медициналық трактаттардың дала медицинасына қатысты деректік маңызы талқыланады.
Кілт сөздер: Дешті Қыпшақ, халық емшілігі, ортағасырлық медициналық трактаттар, түркі медицинасы, «Асрāр ал-атиббā’», «Таңсȳқ-нāме».