ЯЗЫК И ЭМОЦИИ: ЭМОТИВНЫЕ ЕДИНИЦЫ В ТЮРКСКИХ ЯЗЫКАХ И ИХ КУЛЬТУРНО-ЯЗЫКОВЫЕ ОСОБЕННОСТИ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v105.i2.05
        116 149

Аннотация

Бұл мақалада түркі тілдері мен мәдениетіне ортақ XI ғасыр туындысы  «Құтты Білік» дастанындағы «өкініш, қайғы, сағыныш, күйініш» сынды эмоциялық негативті ішкі күйді білдіретін тіл бірліктері зерттелді, ондағы ішкі көңіл күйдің берілу тәсілдері, жалпы эмоцияның параметрлері қарастырылды. Бүгінгі күнге дейін эмотивтер түркі тілдерінде жекелеген жұмыстарда зерттеу нысанына алынғанымен, түркі тілдері бойынша тарихи және мәдени тұрғыдан түркі жұртына ортақ мәтін мен оның аудармалары арқылы салыстырмалы зерттеу алғаш қолға алынып отыр. Зерттеудің  мақсаты – «Құтты білік» пен оның ағылшын, түрік, қазақ, әзербайжан тілдеріндегі мәтіндердегі эмотивті лексиканы салыстыру арқылы әр түркі тілінде эмотивті бірліктерді көрсетіп, олардың тілдік және мәдени ерекшеліктерін, эмотивті әлеуетін анықтау.  Зерттеудің нысаны – «Құтты білік» еңбегіндегі және оның қазақ, түрік, әзербайжан және ағылшынтіліндегі аударма мәтіндеріндегі эмотивті лексика. Зерттеу жұмысында салытыру, сипаттау, түркі тілдеріндегі эмотивтерге семантикалық талдау жасау, психолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық талдау салғастыру, жіктеу, сипаттау, статистикалық талдау тәсілдері қолданылды. Мәтіндегі эмоциялық күйдің қазіргі түркі тілдеріндегі қабылдану және келесі оқырманға жеткізілу ерекшеліктері айқындалып, бір лингвомәдени кеңістіктегі тілдердің эмоцияны қабылдау және жеткізу құзыреті, әр тіл өкілінің (бұл жағдайда аудармашы) эмотивті әлемі танытылды. Нәтижесінде түркі тілдеріндегі эмотивті код көрсеткіші, әр мәдени-ұлттық лексикадағы эмоциялық қор, көзқарас ерекшеліктері кестеге түсірілді. Мысалдарды талдау арқылы «эмоционалдылық» пен «эмотивтілік» ұғымдарының айырмашылығы көрсетілді.

Жүктелулер

Как цитировать

Ospanova, D., & Sagidolda, G. (2023). ЯЗЫК И ЭМОЦИИ: ЭМОТИВНЫЕ ЕДИНИЦЫ В ТЮРКСКИХ ЯЗЫКАХ И ИХ КУЛЬТУРНО-ЯЗЫКОВЫЕ ОСОБЕННОСТИ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 105(2), 42–50. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v105.i2.05

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ