ӘЛІШЕР НАУАИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДА «ӘРБӘҒИН» ӘДЕБИ ДӘСТҮРІ

Авторлар

  • Kh. Kh. Tadzhiyev М.Әуезов атындағы ОҚУ, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы, Қазақстан, Шымкент қ. http://orcid.org/0000-0002-8078-1585
  • N.D. Khasanov Ұлттық Ғылым Академиясының Өзбек тілі мен әдебиеті және фольклоры институты, Өзбекстан, Ташкент қ. http://orcid.org/0000-0002-2413-8990

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.013
        95 119

Аннотация

Ежелгі дәуірлерден бастап шығыс халықтарының мәдениеті мен әдебиетіне ерекше әсер еткен Тұран өлкесі Еуразия құрлығындағы ең үлкен аймақтың бірі болды. Батыс Қытай мен Шығыс Еуропа елдерін байланыстырып отырған Ұлы Жібек Жолы бойындағы бұл өлкелер ғылымның түрлі салаларында шығыс өркениетінің қалыптасып дамуына ерекше әсер етті. Сондай салалардың бірі шығыс халықтарының әдебиеті екені сөзсіз. Дүниежүзілік әдебиет тарихында Шығыс халықтары әдебиеті классиктерінің шығармашылығын зерттеу қашанда маңызын жойған емес.

Шығыс халықтары өміріне тікелей әсер еткен, әдебиет тарихында классикалық көркем шығармаларымен, өнегелі мінез-құлқымен адамзатқа ізгілік жолында қызмет еткен тұлғалардың бірі Низамиддин Мір Әлішер Науаи болды. Ақын шығармашылығындағы әлі де терең зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі – түркі элитасының арасында ислам әдебиетінің қалыптасуындағы ақынның рөлі. Науаи 1481 жылы ұстазы Әбдірахман Жәмидің парсы тілінде жазған «Әрбәғин» жинағын аударады. Бұл әдебиетте жаңа дәстүрдің енуіне әкелді. Науаи шығармашылығындағы бұл ерекше құбылыс кейінгі ғасырлардағы әдеби дәстүрде де көрініс тапты. Мақалада бұл дәстүрдің ислами әдебиеттегі қалыптасу тарихын және оның Науаи шығармаларындағы өзіндік көріністерін анықтау, зерттеу негізгі мақсат ретінде қойылды.

Жүктелулер

Как цитировать

Tadzhiyev, K. K., & Khasanov, N. (2023). ӘЛІШЕР НАУАИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДА «ӘРБӘҒИН» ӘДЕБИ ДӘСТҮРІ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 104(1), 111–117. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.013

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ