Ташкент және Түркістан уәлаяттары маңындағы киелі орындар бойынша жазба деректер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.015
        93 80

Аннотация

Мақала XVII–XX ғ.  басы аралығына қарасты арабографиялық тарихи және тарихи-биографиялық еңбектерді және оларда Орталық Азия аймағының киелі географиясы туралы берілген мәліметтерді зерттеуге арналған. Мақаланың мақсаты – Ташкент және Түркістан уәлаяттары маңындағы киелі орындар туралы тың мәліметтерді анықтап, оларды шағатай және парсы тілдерінен аудару, ғылыми айналымға енгізу. Жоғарыда көрсетілген кезеңге қатысты бұхарлық, қоқандық, хиуалық қолжазбаларда аймағыміздің киелі географиясы мен халықтарының рухани мәдениеті туралы маңызды әрі аз зерттелген деректер берілген.

Жазбаша дереккөздермен жұмыс барысы нәтижесінде тарихи-хронологиялық талдаулар негізінде Орталық Азия аймағының киелі географиясы туралы мәліметтер берілген арабографиялық еңбектердің негізгі шеңбері анықталды. Атаулы еңбектер, яғни «Ансаб ал-салатин ва таварих ал-хавакин», «Анджум ал-таварих», «Тарих-и джадида-йи Ташканд», мұсылман жоғары дін өкілдерітуралы өмірбаяндық жинақтардың мәліметтерін  зерттеу барысында шығыс деректану әдістері пайдаланылды. Мақалада сыни іріктеу және мазмұндық талдау әдістеріне сүйене Ташкент пен Түркістан уәлаяттары маңындағы киелі орындар туралы бірегей деректерден тұратын арабографиялық жазбалар авторларының еңбектері қарастырылады. Өңіріміздің халықтарының рухани мәдениетінің тарихы бойынша жалпы мәліметтер қорын толықтыратын XVII–XX ғ.  басындағы тарихи және тарихи-биографиялық шығармалардан үзінділер алғаш рет ғылыми айналымға енгізілуде.

Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан қаржыландыратын ғылыми жоба (грант №АР09259919) аясында дайындалған.

Түйін сөздер: Арабографиялық шығармалар, тарих географиясы, киелі орындар, Ташкент уәлаяты, Түркістан.

Жүктелулер

Как цитировать

Tulibayeva, Z. (2023). Ташкент және Түркістан уәлаяттары маңындағы киелі орындар бойынша жазба деректер. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 104(1), 128–136. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.015

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ДЕРЕКТАНУЫ