ЕЖЕЛГІ ТҮРІК РУХАНИЯТЫ МЕН ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҚОҒАМДЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v105.i2.010
        89 246

Аннотация

Аталмыш мақалада ежелгі түрік дүние танымының тарихи-философиялық ойларына шолу жасалынып, оның қайнар көзі - табиғат пен адам өмірі байланыстарын ашуға тырысады.  Үш мың жылдан астам тарихы бар түркі әлемі адамзат өркениетінде, оның дамуына өзіндік қайталанбас рухани дүниесі арқылы сүбелі үлес қосқан. Сол рухани дүниелер әдет-ғұрып, дәстүрі мен күнделікті тіршіліктерінде көрініс тапқан. Ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге дейін фольклор, этногенезисі және тарихи тұлғалардың шығармалары арқылы жетіп отырған. Түркі дүниесінің менталитеті мен көзқарасын өз бойына сіңіріп, ислам мәдениеті мен грек, парсы, үнді және христиан оқымыстылырының ойларын саралаған Әбу Насыр әл-Фараби өз заманының бірнеше ғылым түрлерінің биігіне шықты. Оның ой түйіндеуі мен философиялық көзқарасынан Ұлы даланың өмір сүру салты мен адами көзқарастарын, Жаратушы мен жаралушының арақатынасын ислам әлемімен сабақтастығын көруге болады. Оқырмандарға ұсынылып отырылған мақаланың негізгі мақсаты – ежелгі түркілік заманының рухани дүниесі мен  философиялық ой-тұжырымдарының Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерімен сабақтастығын көрсете білу, ғалымның рухани жан дүниесімен байланыстыра отырып оны тарихи-философиялық және этномәдени талдаулар тұрғысынан зерделеу, қазіргі түркілік қоғамдағы руханият әлемінің қалыптасуы мен дамуының тарихи, дүниетанымдық қайнар көздерін ашып көрсету.

Түйін сөздер: Түрік әлемі, дүниетаным, руханият, Қорқыт, Әл-Фараби.

Автордың биографиясы

P.M. Suleimenov, Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық yнивepситeтi, Қaзaқстaн, Aлмaты қ.

СҮЛЕЙМЕНОВ  ПІРІМБЕК  МҰХАНБЕТҰЛЫ

       Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі,

саяси   ғылымдарының    кандидаты,  

кафедрасының доценті

 

Сүлейменов Пірімбек  Мұханбетұлы, 1971 жылы 31 желтоқсанда туған. Ұлты  қазақ. Жанұялы.  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дегі  қызмет өтілі  26–жыл.

1989  жылы С.М.Киров  атындағы Қазақ   Мемлекеттік Университетінің  тарих  факультетіне  түсіп,  (әл-Фараби атындағы) 1994  жылы  аталмыш  оқу орнын тарихшы және қоғамтанушы мамандығын бойынша «үздік»  дипломмен бітірген.  1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің  философия және  саясаттану  факультетінің  әлеуметтік философия  кафедрасына аспирантураға   түсіп, 1997  жылы  аяқтаған.

1997-1999 жылдар аралығында «Әл-Фараби орталығында» жетекші ғылыми қызметкер болды.    

1999 жылы 4 қарашасында «Қазақстанның  қазіргі  саяси  процестері  және  Мұстафа Шоқайұлының Біртұтас Түркістан концепциясы» атты  тақырыпта  кандидаттық диссертациясын  қорғады. 1999 жылдан бастап  осы философия және  саясаттану  факультетінің  философия  кафедрасында  оқытушылық  қызметі, сонымен қатар факультеттің әдістемелік бюро басшысы, бірнеше жыл факультеттің  профорентациялық  жұмысына  жауапты қызметтер атқарылды. Қазіргі таңда Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі.

  Ғылыми бағыты: Әл-Фарабидің ғылыми мұраларын зерттеу мен жинақтау. Қоғамдағы діни сана, және М.Шоқай мұраларын зерттеу. Ғылыми журналдар мен алыс жақын шетелдік мерзімдік басылымдарда 230-ден астам мақалалары жарияланған.

   

Негізгі ғылыми еңбектері:

 

П.М.Сүлейменов. Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мәдениеті

 (Оқу-әдістемелік құралы) Алматы.,     ҚазҰУ.  2006 ж 35 б. 

П.М.Сүлейменов. Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы  Монография (Оқу құралы)  Алматы., ҚазҰУ.  2011 ж. – 195 б. (16,5 п.л.)

П.М.Сүлейменов. Әл-Фараби және  заманауи қазақстан философиясы» Ұжымдық  монография. Алматы., ҚазҰУ.2012ж (қос автарлық)

П.М.Сүлейменов . Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы» 

   ( екінші басылым,  оқу құралы) Алматы., ҚазҰУ. 2016ж (204,б)

П.М.Сүлейменов. Ұжымдық  монография. ҚАЗАҚ  ФИЛОСОФИЯСЫ: Өткені, бүгіні, болашағы  I-Том. Алматы,2016ж

П. М. Сүлейменов. Д.Ө. Құсайнов. Қазақ философиясының тарихы» (оқу  құралы) Алматы,.Сага, 2016ж. (404,б)

П. М. Сүлейменов. Әлеуметтік философия.( оқу құралы) 2018ж. (220,б)

П. М. Сүлейменов. Фарабитану. ( оқу құралы)  2019ж

П. М. Сүлейменов. Әл-Фарабидің рухани әлемі. Монография 2020ж баспада

П.М.Сүлейменов. Әл-Фараби және  заманауи қазақстан философиясы» Ұжымдық  монография. Алматы., ҚазҰУ.2020ж (екінші басылым)

Жүктелулер

Как цитировать

Suleimenov, P., & Моldabek Y. (2023). ЕЖЕЛГІ ТҮРІК РУХАНИЯТЫ МЕН ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҚОҒАМДЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 105(2), 88–101. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v105.i2.010

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ