Үндістанда табылған Бадр-ад дин Ибрахимнің «Зафангуйа ва Джаханпуйа» сөздігінің тілдік сипаты
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v105.i2.03Аннотация
Қaзіргі шығыстaнушы ғалымдардың алдында ерте ғасырда құрастырылған деректерге, сөздіктерге талдау жұмыстарын жүргізу және солардың тың деректерін ашу міндеті тұр. XIV ғасырдың басында Үндістанның солтүстік аймағында билік құрған Дели Сұлтанатында бірнеше тілдің лексикалық материалдарын қамтыған парсы тілінің түсіндірмелі сөздігі құрастырылды. Бұл Бадр-ад дин Ибрахимнің «Зафангуйа ва Джаханпуйа» (Сөйлейтін сөздік және оқитын әлем) атты сөздігі болып табылды. Орта ғасырлық түсіндірме сөздіктің құрамы мен құрылымын, түркі халықтарының өзге шығыс халықтарының тіліне ықпал етуін зерттеу қазіргі шығыстанушылар, солардың ішінде үндітанушылар мен түркітанушылар үшін теориялық және практикалық маңызы зор және өзекті мәселе болып табылады. Үнді тілдерінің ертедегi басқа тiлдермен жанасуы сол тілдің тарихи даму үдерісін бастан кешкендігіне дәлел және оны ғылыми тұрғыдан зерттеу тек үнді тiлдерiнің тарихына ғана емес, басқа да көршi тiлдердiң тарихы үшiн ғылыми маңызы бар.
Ғылыми мақаланың мақсаты Бадр ад-Дин Ибрахимнің «Зафангуйя ва Джаханпуйя» сөздігінің тілдік ерекшелігін, сипатын, зерттелу тарихын саралау және сөздікке енгізілген түркі лексикасына талдау жасау. Мақалада аталмыш сөздіктің құрылымына талдау жасалды, құрамындағы түркі сөздердің тақырыптық топтары жасалды.