Араб және қыпшақ тілдерінде жазылған «Иршадул-мулук уәс-салатин» ескерткішіне (ХІV ғ.) теолингвистикалық талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.02Аннотация
Берілген мақалада мәмлүктер билігі кезінде қыпшақ тіліне аударылған араб тіліндегі «Иршәдул-мулук уас-салатин» жазба ескерткішіне теолингвистикалық талдау жасалған. Адам өмірінің кез келген саласын қамтитын дін мен тілдің өзара байланысы мен сабақтастығы дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат болып табылады. Теолингвистиканың дербес сала ретінде қалыптасуы және дамуы жөніндегі мәселе тіл білімінің ғана емес, бүкіл гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері қатарынан орын алады. Сондықтан қазіргі қазақ қоғамында қолданылып жүрген діни тілдік бірліктердің прагматикалық ерекшеліктерін тарихи теолингвистика шеңберінде, яғни ортағасырлық жазба ескерткіштерінде сақталған тілдік материалдар негізінде ұлттық бірегейлік тұрғысынан қарастыру қажет. Түркі халықтарына ортақ мұра болып табылатын ортағасырлық теологиялық ескерткіштерді зерттеп, ғылыми айналымға енгізу арқылы тарихи және заманауи теолингвистиканың көптеген мәселелерін шешуге болады. Ортағасырлық жазба ескерткіштерді интерпретациялау, герменевтикалық және теолингвистикалық талдау әдістерімен зерттеу арқылы сол кезде өмір сүрген халықтардың тілі, мәдениеті, діні, наным-сенімі, тұрмыс-тіршілігі туралы құнды мәліметтерге қол жеткізуге болады. Осы мақсатта «Иршәдул-мулук уас-салатин» қолжазбасында сақталған тілдік материалдарға діни концептілер аясында лингвогерменевтикалық талдау жасалып, «Тәңір» теонимінің қолданылу ерекшеліктері анықталды.