Ежелгі Қытай рухани сыны мен күміс дәуіріндегі ресейлік субъективті сынның салыстырмалы талдауы

Авторлар

  • Hua Mengrou Бейжің авиация және ғарыш университеті, Шет тілдер институты, Қытай, Бейжің қ http://orcid.org/0000-0002-2023-079X
  • Wu Xiaoxia Бейжің авиация және ғарыш университеті, Шет тілдер институты, Қытай, Бейжің қ. http://orcid.org/0000-0002-9504-6874

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v103.i4.010
        77 82

Аннотация

Ежелгі Қытайдағы рухани сын Цинь дәуіріне дейінгі және екі Хань династиясы дәуірінде пайда болды. Ол Солтүстік және Оңтүстік Сун, Мин және Цин әулеттері кезінде қалыптасып, әрі қарай дамыды. Рухани сын әдеби шығармаларды бағалауда сыртқы әсерлерді жоюмен сипатталады. Ақыл айнадай мөлдір болуы керек. Бұл сын әдісі бұрыннан бар болып, үлкен ықпалға ие болып қана қойған жоқ, ол әлі күнге дейін Қытай әдебиеттануында елеулі орын алады. Ресейдің күміс дәуірінің субъективті сын-пікірін Д.С. Мережковский ұсынды және символистер арасында кең танымал болды. Ол сыншының жеке діни-философиялық ой-пікірлерінен шығып, әлемдік және орыс әдебиетіндегі классик жазушылар мен классикалық шығармаларды сол кездегі үстемдік еткен қоғамдық-тарихи сынға қарама-қарсы түсіндіріп беруімен ерекшеленді. Сынның бұл түрі ұзаққа бармаса да, орасан зор табысқа жетті, оның жаңғырығы әлі де естіледі. Сынның бұл екі түрі әртүрлі мәдениеттер мен ұлттарда пайда болып, бірі бірнеше мыңдаған жылдарды қамтығанымен, олардың философиялық бастаулары, ойлау тәсілдері, сынның әдістері, эстетикалық мақсаттары жағынан ортақ тұстары көп. Сынның екі түрі де «жан» өлшеміне бағытталған. Ежелгі Қытай рухани сыны рухани түсінуге бағытталды, ал күміс дәуіріндегі орыстың субъективті сынында субъективті қабылдауға мән берілді, сондықтан әдебиеттану ғылымының екі түрін салыстырмалы түрде зерттеу бізді көптеген қызықты құбылыстарға бастайды. Түйін сөздер: рухани сын, субъективті сын, бағалаушы сын, символизм.

Жүктелулер

Как цитировать

Mengrou, H., & Xiaoxia, W. (2022). Ежелгі Қытай рухани сыны мен күміс дәуіріндегі ресейлік субъективті сынның салыстырмалы талдауы. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 103(4), 96–106. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v103.i4.010

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ