«Диуани Хикметтің» Көкшетау нұсқасында есім тудырушы жұрнақтар
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v103.i4.03Аннотация
Түркі тілдерінің көне және ортағасырлық ескерткіштерінің тілінде есім тудырушы жұрнақтар саны жағынан мол, қызметі жағынан көпқырлы болып келеді. Мақаламыздың зерттеу нысанына айналып отырған «Диуани хикметтің» Көкшетау қаласында сақталған нұсқасында да түрлі қызметтер атқаратын {+Ач}, {+Ан}, {+чЫ}, {+дАш}, {+ҒА}, {+ҒУ}, {+лЫқ}, {+лҰғ}, {+нчЫ}, {+мАн}, {+сЫз}, {+рАҚ}, {-AҚ/ -Қ}, {-(Ұ)Қ/ -(Ы)Қ}, {-(Ұ)Ғ/ -(Ы)Ғ}, {-ҒАн}, {-ҒҰчЫ}, {-ҒҰлҰҚ}, {-ҚҰн}, {-н} секілді жиырмадан аса зат есім тудырушы жұрнақтың қолданылғанын көруге болады. Бұл қосымшалар фонетикалық жақтан шағатай тілінің ерекшеліктерін көрсетеді десек те, бұлардың іздерін түркі халықтарының көне дәуірлік тілінен де, қазіргі түркі тілдерінен кездестіре аламыз. Сондықтан да ескерткіш тілінде қолданылған зат есім тудырушы жұрнақтар көне дәуірлерден бері қолданылып келе жатқан қосымшалардың шағатай тілі дәуіріндегі нұсқалары ретінде бағалануы керек. Мақалада осы мәселелер арнайы қарастырылады және әрбір формаға тілдік талдау жасау барысында синхронды және диахронды әдістер қолданылатын болады.