ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІНДЕГІ ӘСКЕРИ ЛИНГВОМӘДЕНИ КОМПОНЕНТТЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v103.i4.08
        95 299

Аннотация

Мақалада қазақ және түрік этностарының ұлттық киім дискурсын құрайтын әскери лингвомәдени компоненттер қарастырылады. Ұлттық киім әр этностың ерекшелігін танытумен қатар, коммуникация тұрғысында ақпарат, дерек көзі болып, бейвербалды дискурсты қалыптастырады. Қазақ және түріктердің әскери лингвомәдени компоненттері салт атты тіршілікпен байланысты екені белгілі. Салт аттылықты қазақ та, түрік те көне түркілерден мұрагерлікпен ие болғандықтан, олардың мәдениетінде ортақ элементтер көп. Бұған ұлттық киімдерді жатқызамыз. Көшпелі өмір сүрген қазақтарда кәсіби әскер деген ұғым болған жоқ, салт аттылардың барлығы дерлік потенциалды сарбаз болды. Салт аттының киімінде әскери лингвомәдени компоненттер үстем болды. Бұл киімдердің әскери жағдайға ыңғайлығы соншама, қарым-қатынасқа түскен өзге халықтар өз кәсіби әскерлерінде қолданғанынан аңғаруға болады. Алайда қазақ көшпелі тұрмыс салтын сақтап қалса, түріктер отырықшылыққа ауысып, Осман империясының негізінде кәсіби жасақ құрып, әскери киімді қалыптастырды. Бұл факторлардың ықпалын екі этностың ұлттық киімдерінің компоненттері болып табылатын шалбар, қаптама, шекпен, кебенекті лингвомәденирема тұрғысында қарастыру арқылы анықтауға болады. Қазақ және түрік этносының ұлттық киім дискурсын белгілейтін әскери лингвомәдени компоненттерді талдай отырып, отырықшылыққа ауысқан түрік халқының ұлттық киіміндегі трансформациясын анықтау мақаланың мақсатын белгілейді.

Жүктелулер

Как цитировать

Akhmetbekova, A., & Montanay, E. (2022). ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІНДЕГІ ӘСКЕРИ ЛИНГВОМӘДЕНИ КОМПОНЕНТТЕР. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 103(4), 77–88. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v103.i4.08

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ