ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖАПОН ТІЛДЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КОЛОРАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v105.i2.06
        94 126

Аннотация

Бұл мақала қазақ және жапон тілдеріндегі колоративті фразеологизмдердің күнделікті қолданыстағы көрінісіне арналған. Мақалада жапон тіліндегі фразеологиялық бірліктерге талдау жасалып, оны қазақ фразеологиялық бірліктерімен салыстыру әдістері қарастырылған. Салыстыру үшін кейбір тіркестердің әртүрлі нұсқалары келтірілген. Мақалада сондай-ақ фразеологиялық тіркестердің мәдени мұрасының ұлттың ерекшелігімен астасып суреттелетініне  назар аударылады. Мақалада айтылған кейбір фразеологизмдердің  мәтінді тиімді аудару үшін пайдалы болуы мүмкін. Күнделікті сөйлеуде мәдени бірегейліктің көптеген элементтері бар, бірақ аудармада проблемалар туындауы мүмкін. Бұл мәселелерді шешу оңай емес және үлкен еңбекті,талантты талап етеді. Мұны белгілі бір халықтың салт-дәстүрін, әлеуметтік өмірін, әдет-ғұрпын білдіретін фразеологизмдерден оңай байқауға болады. Фразеологизмдерді аудару және алмастыру тек арнайы тәсілді ғана емес, мыңдаған сөздердің ішінен бұл сөз тіркестерін ажырата білуді де қажет етеді. Оның үстіне басқа тілде аналогты табу өте қиын процесс. Жапон тілінің фразеологиялық бірліктерінің мән-мағынасы мен пайда болуы туралы жан-жақты зерделеудің жапондықтардың  түстерді танудағы ерекшеліктерін, олардың түске деген қатынасы, көзқарастарын тереңірек ұғыну үшін маңызы орасан зор. Келесі мақалада автор фразеологиялық бірліктерді аудару мәселелеріне тоқталады.

Жүктелулер

Как цитировать

Beiil, Y., & Saudanbekova, S. (2023). ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖАПОН ТІЛДЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КОЛОРАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 105(2), 51–59. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v105.i2.06

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ