КСРО-дан КЕЙІН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ТҮРКИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v102.i3.08Аннотация
Балтық жағалауы елдерінің басшылығымен басталған КСРО-ның ыдырау процесі 1991 жылы оның билігіндегі елдердің тәуелсіздік жариялауымен аяқталды. 70 жылдан астам КСРО мозайкасында болған Қазақстан 1990 жылы 25 қазанда егемендігін, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды. Оны алғаш мойындаған мемлекет Түркия Республикасы болды. Осы кезеңге дейін екі ел арасында «әлеуметтік, мәдени және экономикалық» байланыстар іс жүзінде болмаған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін екі ел арасындағы өзара саяси байланыстар қайта жанданды. Түркиямен көптеген салада келісімдерге қол қойылды. Қазақстанның бүгінгі гүлденуіне елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі зор. Түркия біздің жүрегімізде және мәдени географиямызда орын алған Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатып, жылдар бойы ұмтылып келе жатқан қарым-қатынасын нығайтты.
Бұл зерттеуде далалық зерттеулер мен әдебиеттерге талдау жасалды. Зерттеуде Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс Кеңестік Ресей тұсында үзілген. КСРО-ның ыдырауымен өте маңызды мүмкіндіктер пайда болды. Бұл зерттеудің маңыздылығы екі ел арасындағы осы қатынастардың маңыздылығын ашуында. Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысты одан әрі зерттеуге нүкте беріледі.
Кілт сөздер: КСРО, Қазақстан, Түркия, Сауда, Мәдениет.