ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЭТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v101.i2.11
        170 82

Аннотация

Мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің этикалық философиясы зерделенеді. Әл-Фарабидің басқа ойшылдарға қарағанда өзінің этикалық жүйесін құрумен ғана шектелмегені, керісінше, сол жоғарғы идеяларды (кемел философ, үлгілі басшы, ізгі жан, этика, мораль сияқты құндылықтарды жеке өмірінде іс жүзіне асырған дарынды әрі құпия тұлғалардың бірі екені айтылған. Ғалымның пікіріне сәйкес сұлулық – адамның рухани және физикалық әдемі көрінісі. Осындай этикалық және эстетикалық сұлулыққа ие адамның басшылығы Бірінші басшылық (әкім) болады. Оған бағынатындар – қайырымды, абзал және бақытты адамдар. Егер олар халық болып құрылса, онда бұл халық – қайырымды халық. Автор әл-Фарабидің «философ», «бірінші басшы», «әкім», «заң шығарушы» және «имам» сыңды ұғымдарды бір ұғым мағынасында қолданғанын алға тартады. Әл-Фарабиге сәйкес аталмыш тұлғалардың әрбірінің бойында болуы тиіс әдептілік талаптарын саяды. Зерттеуші тақырыпты ашу мақсатында ғалымның этикалық жүйесіндегі «Адам бақытқа жетелейтін ұстазға мұқтаж» деген тұжырымын талдайды. Адамның өмір сүру мақсаты – жоғарғы бақытқа жету. Адамға сол бақыттың не екенін түсіндіретін және оған жету жолын сілтейтін – тәлімгер. Мақалада әл-Фарабидің араб тіліндегі «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жайында», «қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» және т.б. шығармалары қолданылған. Түйін сөздер: Әл-Фараби, Ибн Сина, Ғазали, этика, мораль, философия, кемел адам, азаматтық қоғам, қайрымды қала, басшы, ұстаз, адамгершілік құндылық.

Жүктелулер

Как цитировать

Sandybayev, Z. (2022). ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЭТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 101(2), 113–121. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v101.i2.11

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ