Мұхтар Әуезовтің «Абай Жолы» роман материалы негізінде қазақ ұлттық мәдениетінің реалияларды қытай тіліне аударудың әдістері мен жолдары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v101.i2.03Аннотация
«Абай жолы» романы Абай әулетінің өмір жолы туралы жазбалар арқылы қазақ халқының
дәстүрлі мәдениетін жан-жақты танытатын шығармалардың бірі болғандықтан, терең мәдени
мәнге жане зерттеушілік құндылыққа ие болып отыр. Бұл мақаланың мақсаты – Мұхтар Әуезовтің
«Абай жолы» романының материалдары негізінде қазақтың ұлттық мәдениетінің реалий создерин
қытай тіліне аударудың әдіс-тәсілдерін қарастыру. Қазақ мәдениетінің реалий создерин қытай
тіліне аударудың негізгі әдістерін талдау - аударма теориясы, сонымен қатар филология,
мәдениеттану, әдебиеттану сияқты ғылымдар аясында одан әрі зерттеу үшін практикалық
маңызы зор.
Бұл тақырыпты зерделеу үшін жүйелік және салыстырмалы талдау әдістері, сонымен қатар
жалпылау және абстракциялау әдістери қолданылды. Зерттеу нәтижесінде аудармашының
реалий создерин қытай тіліне аударуда сипаттамалық аударма, транслитерация, сөз алмастыру
және сөзді түсіру сияқты аударма әдістерін қолданғаны анықталды.
Зерттеу материалдарын аударманы, тілдерді және әдебиетті оқытуға байланысты пәндерде
қосымша әдебиет ретінде пайдалануға болады.
Түйін сөздер: суреттеме аударма, транслитерация, ана тілі, қазақ мәдениеті, қазақтың жаны.