Ағартушылық бағыттың үнді және қазақ қоғам модернизациясындағы рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v102.i3.05
        73 50

Аннотация

XX ғ. басында ағартушылық идеяны дәріптеген үнді-қазақ әдебиет өкілдері қоғамның модернизациялануын ақ қағаз бетіне жазылған еңбектерімен үндеу тастау арқылы қалағандай болды. Бұл құбылысты мақаладағы берілген дәлелдер айқындайтын болады. Екі елдің жазушыларының шығармаларын зерттей келе,  әрқайсысы өз халқының жанашары ретінде танылып, өз еңбектерін халыққа паш еткен ағартушылар болып танылды. Ағартушылар адамды жақсы жаққа өзгертуге болады деп сенді және бұл принципті жаңа тәсіл ретінде таныды. Үнді және қазақ қоғамында сол кезеңдерде ортақ тарихи көрініс болды, революциялық көтерілістер арқылы халық жаңа өзгерістерді қалады, әдебиет саласында жаңа бағыттың пайда болу ғасыры болды. Онда ағартушылық идеяны ояну күш ретінде қабылдаған қайраткерлер трансформациялық идеялар аренасын көрді. Сол уақыттағы тағы бір маңызды философиялық ой - бұл мәдениетті адамның рухани жаратылысы ретінде қарастыра бастағаны, сентиментализм туады, өйткені әдебиет адамның сезіміне, оның тәжірибесіне үлкен көңіл бөле бастайды. Сонымен, өнер туындыларының көмегімен адамгершілік құндылықтар адамдардың бойына сіңеді. Ағартушылар әдебиетті өз замандастарын жаңа рухта тәрбиелеу құралы ретінде қарастырды, яғни оның дидактикалық бастауы күшті болды. Сыни реалистік стильде жазған ағартушы жазушылардың басты тілегі мен мақсаты қараңғы халықтың алға ұмтылуға негіз бола алатын сезімін ояту болды. Үнді және қазақ қоғамында ағартушылықты дәріптеген жазушылардың еңбектері бүгінгі таңда да қалың оқырманның назарында және бұл мақалада талқыланатын тақырыптың қәзіргі таңда өзектілігінің бар екендігін дәлелдейді.

Түйін сөздер: ағартушылық кезең, ағартушылық идея, көркем әдебиет, революция, интеллектуалды қозғалыс, модернизация, қоғам, реализм, сыни реализм.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Alipbayeva, B., & Кokeyeva D. (2022). Ағартушылық бағыттың үнді және қазақ қоғам модернизациясындағы рөлі. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 102(3), 42–49. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v102.i3.05

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ