БАӘ-нің жоғары білім берудегі халықаралық кампустар рөл

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v103.i4.012
        120 95

Аннотация

Жоғары білім беруді интернационалдандыру халықаралық студенттерді тартуды, бірлескен бағдарламалар бойынша ынтымақтастықты, халықаралық аккредитациядан өтуді, әлемдік деңгейдегі университеттерге айналуды, сапаны қамтамасыз етудің халықаралық жүйелерін дамытуды және білім беру хабын құруды қамтиды. Шетелдік кампустар интернационалдандырудың кең таралған үлгілерінің бірі болып табылады.

Бұл мақаланың мақсаты Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) жоғары білім беру тәжірибесін, әсіресе халықаралық кампустардың елдегі білім беру жүйесіне әсерін зерттеу және бағалау болып табылады. Біріккен Араб Әмірліктерінің білім беру жүйесіндегі бұл реформаларының тәжірибесі Қазақстан университеттері үшін назар аударуға лайық деп санаймыз. Біз трансұлттық кампустардың өсу себептерін, сондай-ақ олардың артықшылықтарын зерттейміз. Атап айтқанда, шетелдік университеттердің санының артуы мемлекеттік университеттердегі оқыту сапасын арттыруы мүмкін. Сонымен қатар, біз ғалымдар жеткілікті көңіл бөлмеген аккредитациялауды жоғары білім беруді интернационалдандырудың үлгісі екенін анықтадық. Бұл зерттеуге арналған деректер рецензияланатын академиялық журналдардан, олардың веб-сайттарындағы қолжетімді ресми жазбалардан және ресми есептерден жиналды.

Түйін  сөздер: Интернационализация, халықаралық кампустар, университеттер, БАӘ.

Жүктелулер

Как цитировать

Kairanbayev, N., & Kudaibergenova, R. (2022). БАӘ-нің жоғары білім берудегі халықаралық кампустар рөл. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 103(4), 118–125. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v103.i4.012

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ