Әлеуметтік трансформация парадигмасы: Пәкістан мен Үндістандағы дәстүршілдік пен модернизм арасындағы қарама-қайшылықтар
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v100.i1.08Аннотация
Әлеуметтік трансформация – бұл белгілі бір қоғамдағы жоспарланған ауқымды өзгерістер процесі. Басқаша айтқанда, қоғамдық санадағы жеке, ұжымдық, аймақтық және жаһандық деңгейлердегі өзгеріс әлеуметтік трансформация ретінде қарастырылады, соның арқасында әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін жаңа өлшемдер пайда болуы. Үнді және Пәкістан қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер дәстүршілдік пен модернизм арасындағы қақтығысты көрсетеді. Бұл мақалада Үндістан мен Пәкістандағы дәстүршілдер мен модернистер арасында қақтығыс тудыратын әлеуметтік өзгерістердің негізгі белгілері қарастырылды. Сонымен қатар, әлемнің дамыған елдерінің әсері, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, көші-қон, мәдениеттің таралуы, сауаттылық және, сайып келгенде, зайырлылықтың дамуына ықпал ететін адамдар арасындағы әлеуметтік-саяси хабардарлық – қоғамның дәстүрлі парадигмаларына қайшы келетін қазіргі заманғы көзқарастың негізгі құралы болып саналады. Үндістан мен Пәкістандағы модернизация процесі экономикалық мәртебеге, касталар жүйесіне, этникалық топқа, субмәдениеттерге сәйкес келетін жаңа дәстүрлерді ойлап табу арқылы жүріп жатыр. Осы мақаладағы біздің мақсатымыз – Үндістан мен Пәкістандағы әлеуметтік өзгерістерді модернизацияның идеологиялық тұрғысынан зерттеу. Түйін сөздер: Үндістан, Пәкістан, қоғам, әлеуметтік трансформация, дәстүршілдік, модернизм.