МӘМЛҮК-ҚЫПШАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТЕР ЖӘНЕ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v102.i3.01
        95 66

Аннотация

Бұл мақалада XIIІ-XV ғасырлардағы мәмлүк-қыпшақ тіліндегі ең негізгі жазба дереккөздері саналатын «Китаб Әл-Идрак Ли-Лисан Әл-Атрак», «Китаб мажмуа тіржүман түрки уә ажами уә муғули уә фарси», «Китаб әд-дурра әл-мудыийа фи әл-луға әт-туркийа ала әт-тамам уә әл-кәмәл», «Әл-Қауанин әл-куллийа лидабт әл-луғат әт-туркийа» және «Китаб әт-тухфа әз-закийа фи әл-луға әт-туркийа» жазбалары негіз етіле отырып, тарихи мәмлүк-қыпшақ тіліндегі типтік сипаттағы негізгі етістіктердің басты ерекшеліктер мен көмекші етістіктер салыстырылып, етістіктің шақ және рай категориясына қазіргі қазақ тілімен салыстырыла зерттеу жүргізілді. Бұл бағытта ең алдымен аталған жазбаларға сипаттама беріліп, тарихи мәмлүк-қыпшақ тілі бойынша жүргізілген тіке немесе жанамалай зерттеулерге қысқаша шолу жасалды. Салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу нәтижесінде мәмлүк-қыпшақ тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі негізгі етістіктер мен көмекші етістіктердің құрылымдық және семантикалық ұқсастықтар мен шақ және рай категориясының грамматикалық ұқсас ерекшеліктерге ие екені дәлелденді. Мақалаға арқау болған тарихи мәмлүк-қыпшақ тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы лексикалық және грамматикалық сабақтастық үрдісін анықтау қазақ тілінің тарихи даму үдерісін зерттеу тұрғысынан ерекше маңызға ие.

 

 

Жүктелулер

Как цитировать

Balakhozhayeva, A., & Aubakirova, K. (2022). МӘМЛҮК-ҚЫПШАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТЕР ЖӘНЕ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 102(3), 4–15. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v102.i3.01

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ