ИРФАН МАҒЫНАСЫНЫҢ ЖОЙЫЛУЫ – ЯСАУИТАНУДАҒЫ ДАСТАРҚАН ЖАЮ ДӘСТҮРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.10Аннотация
Мақалада Яссауи дәстүрлі ілімінің кең географиялық аймақты қамтығанына қарамастан мағынасын жоғалтуы немесе мағынасыздыққа ұшырау мәселесі қарастырылады. Осы тұрғыдан келгенде мақала аталмыш ілімді ұстанатын топтардың тәжірибелері және осы тәжірибелердің жүзеге асқан мекендердің жоғалып кетуі нәтижесінде мағынасыздыққа ұшырағандығын дәлелдейді. Бастапқы мағынасын қайтаруда иек артқан әдістің тәжірибеге негізделуі және әр зерттеуші-практиктің қол жеткізген мәліметтері дәл сол күйінде алушысына (тұтынушысына) тікелей жеткізген орта немесе мекен арқылы жүзеге асыру мүмкін болып отыр. Әдетте, алушының ақыл-ойы мен рухани әлемі өзіне бағытталған ілім мен даналыққа негізделген деректер арқылы жазба бетке айналып кетуде. Осылайша, мекен мен хаттың бірге үстеген мағынасы жаратылыстың визуалды алаңы ретінде алушыны негізгі тұлғаға айналдыруда. Сондайақ, аталмыш қызметтің жүзеге асырған өзге бір алаңы – жиналу немесе кездесу орны ретінде тұжырымдалатын мекен, ол – «әлем». Мақалада «мекен, ғалам, әлем, кітап, бет, том» секілді негізгі ұғымдар арқылы Яссауи ілімінің незгі ұстанымдарының бірі – дастархан жаю, дастархан ұстау (софра тутмак) туралы сөз болады. «Дастархан ұстау» – пірдің өзі тәрбиелеп өсірген мұрагерін қызметке тағайындауы деген мағынаға келеді. Яғни ғылым-білім, тәрбие алып, толықсыған білім алушы артынша өзі тағайындалған жерге қызметке жіберілгенде бұл қызметті «дастархан ұста» деген әмір арқылы алады. Дастархан сондай-ақ кемелденудің белгісі ретінде білім алушыға берілген алты аманаттың бірі деп есептеледі. Дастархан, яғни «софра» сапар сөзімен төркіндес. Сондықтан ол «сапар шегу» және «жапқыш» мағынасында да қолданылады. Сапардың басталған жері ретінде қызметтің берілуі немесе адамды қоршап тұрған белгілі бір жабынның болуы мағынасында «Адам» сүресі арқылы белгілі бір пішін табуда. «Дастархан ұстау» – міскін, жетімжесір мен тұтқын үшін өте-мөте қажетті. «Дастархан жаю» – міскін, жетім-жесір және тұтқынды тұмшалап тұрған жабындыны ашу деген мағынаға саяды. Қорыта айтсақ, Яссауи ілімінің жоғалып кеткен мағына әлемінің маңызды мәселелерінің бірі – «Дастархан ұстау» түсінігі болып табылады. Мақалада «дастархан ұстау» ұғымының мағынасы мен мотивациясы қарастырылып, іскер жастың бірінші міндеті ретінде Алланың құлдарына кері жолға түскен сапарын есіне салу және ақиқатын тұмшалаған жабындысын үстінен шешіп, алып тастау деген мағынаға саяды. Аталмыш мәселе «Адам» сүресінде де, «Майда» сүресінде де ашық түрде қарастырылады. Кілт сөздер: Яссауи ілімі, дәстүр, дастархан жаю, Адам сүресі, Майда сүресі.